Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен аптадағы Үкімет отырысында ғалымдарымыздың коронавирусқа қарсы 5 түрлі вакцина әзірлеп жатқанын, осыған дейін екпелерге жасалған сынақтардың әзірге сәтті болғанын және отандық вакцинаны қыркүйек айында адамдарға сынап көрудің жоспарланып отырғанын атап өтті.

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны әзірлеумен айналысып жатқан Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы оқу-әдістемелік орталығының директоры Хайрулла Абеуов вакцинаны дайындап, өндіріске енгізуге кем дегенде 1 жыл кететінін мәлімдеген-ді. Ал вакцина әзірлеумен айналысып жүрген ғалым, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жанынан жақында құрылған Халықаралық вакцинология орталығының (ХВО) басшысы Қайсар Табынов COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаның 5 жылсыз дайын болмайтынын айтады. Ғалымдар екпені әзірлеп, тіпті клиникалық сынақтан сәтті өткізіп қойса да, оны өндіретін кәсіпорын бізде жоқ. Міне, халықты отандық екпемен қамтамасыз етуді тежеп тұрған ең негізгі кедергі – осы. Дегенмен ХВО бүгінде осынау ауқымды жұмысты жеделдетпек. Қалай?
Аталған орталық COVID-19 вакцинасын жасау мақсатында әлемдегі жетекші биотехнологиялық Vaxine Pty Ltd (Adelaide, Australia) биотехнологиялық компаниясымен ғылыми ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Осылайша орталық COVID-19 вакцинасын жылдам әзірлеуші АҚШ-тағы Emergent Ventures Fast Grants, Джорджия мемлекеттік университетінің (Georgia State University) Oracle корпорациясы, Канададағы Novometrix Research Inc, Ирландиядағы APC Inc компанияларының қатарына қосылды.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының жетекшісі, профессор Қайсар Табынов «Болашақ» халықаралық бағдарламасымен Vaxine Pty Ltd-да оқып, тағылымдамадан өткен және қазір аллергиялық вакцинаны әзірлеуде компаниямен бірге жұмыс істейді.
«Өкінішке қарай, Қазақстанда клиникалық сынақ сатысына жеткен COVID-19 вакцинасы жоқ, бұл дамудың алдыңғы деңгейінде тұр. Сондықтан біздің қадам осы салада Vaxine-нің тәжірибесін қолдануға зор мүмкіндік береді. 2009 жылы Vaxine 3 ай ішінде «шошқа тұмауы» вирусын анықтап, адамдарға арнап вакцина әзірлеген әлемдегі алғашқы компания болды. Ал 2019 жылы дүние жүзінде бірінші болып жасанды интеллект көмегімен адъювант (adjuvant сөзі латын тілінен аударғанда «көмекші» деген мағынаны білдіреді, бұл – вакцинаға қажетті антигендерге қарсы иммундық реакцияны күшейтетін зат немесе қосылыстар) әзірледі. Vaxine сияқты вакцина саласындағы әлемдік көшбасшымен ынтымақтастық орнату – Қазақстандағы жаңа орталық үшін үлкен мәртебе», деді Қ.Табынов.
Оның айтуынша, Ұлттық аграрлық университет әлемдегі барлық COVID-19 вакцинация технологияларын зерделеп, соның ішіндегі ең тиімдісін таңдап алыпты. Бұл – бакуловирустық технология, мұнда вирус сыртындағы шыбықтары (спайк протеин) немесе негізгі иммунитет түзетін протеини жәндіктердің торшаларында жасанды жолмен өсіріледі. Вакцинаның тиімділігін арттыру мақсатында оған өсімдік қанты негізінде даярланған AdvaxTM адъюванты қосылады. Елімізде құрылған орталық осы технологияға қол жеткізуді көздейді.
«Отандық вакцина өндірісінің болу-болмауы – үлкен сұрақ. Меніңше, бұл келесі 5 жылда бола қоймас. Өйткені оны бізде өндіретін зауыт жоқ. Сондықтан шетелдік компаниялармен серіктестік құрып, вакцина өндірісіне қол жеткізіп, халықты тезірек екпемен қамтамасыз ету керек. Біздің алдымыздағы басты мақсатымызға қол жеткізетін ең дұрыс стратегия – осы. Әлбетте біз отандық вакцинаны әзірлеу жұмысына атсалысуды тоқтатпаймыз», дейді профессор Қ.Табынов.
Иә, біз бұған дейін COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаның жай-жапсары жөнінде жазғанбыз. Сондағы еске сала кететін жайт, өзгенің өнімін қымбат бағаға да сатып ала алмаймыз. Себебі індет қазіргі таңда бүкіл әлемге тарап кетті. Сондықтан әр ел өз халқын екпемен мүмкіндігінше өзі қамтамасыз етуі тиіс. Әлбетте қазірде кәсіпорындардың қойнауына айналып бара жатқан Қытай вакцинаны экспорттауға да шығарады. Бірақ Ұлыбританиядан, АҚШ-тан және Қытайдан алынған, яғни қазір клиникалық сынақтан өткізіліп жатқан COVID-19 вакциналарының нәтижелері адамдарда жағымсыз реакциялар деңгейінің жоғары, кейбірінде тіпті қатты мазасыздық туғызатынын көрсетіп отыр. Сол себепті шетелдік серіктестердің көмегімен әзірленсе де, өз өніміміз барлық жағынан (экономикалық, биологиялық) тиімді болмақ. Осы жолда жақында жарияланған QS рейтингінде 591-орынға тұрақтап, әлемдегі үздік университеттердің тізіміне енген Қазақ ұлттық аграрлық университетінің мамандарынан құралған орталық елдің үмітін ақтап, індеттің алдын алуға атсалысады деген үміт бар.
Электронды сауда-саттық қайтсе дамиды?
Экономика • Кеше
Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?
Қоғам • Кеше
Пандемия гүл нарығына әсер етті
Қазақстан • Кеше
Қаржы • Кеше
Қостанайлық полицей сыныптасын атып өлтірді
Аймақтар • Кеше
400 мыңнан астам ақмолалық электронды-цифрлық қолтаңба алды
Аймақтар • Кеше
Қаржы • Кеше
Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Алтай Көлгінов әйелдер күні мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
Низами Ганжәуиге арналған веб-конференция өтеді
Қазақстан • Кеше
Президенттің таңғы серуендегі фотосы жарияланды
Президент • Кеше
Қызылордада Қажымұқан турнирі өтті
Спорт • Кеше
Шымкент қаласының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Нұрлан Нығматулин 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қостанайда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Маттео Пеликоне»: Қазақстан үш алтын жеңіп алды
Күрес • Кеше
Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды мерекемен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда 480 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады
Президент • Кеше
10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қостанай облысының әкімі 100 жастан асқан әжелерді құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға шабуыл жасады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай аймақтарында жолдар ашылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында жартылай финалға шықты
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге еріктілер 600 гүл таратады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Экология министрлігі Қарағандыдағы арыстан жөнінде пікір білдірді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • 06 Наурыз, 2021
Қазақстан мен Қырғызстан «Қордай», «Ақ жол» өткізу бекеттерінің ашылуын талқылады
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар