Аймақтар • 10 Шілде, 2020

Петропавлда автобус жүргізушісі күдіктіні ұстауға көмектесті

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға №8 маршрутының соңғы аялдамасында орын алған. Автобус жолаушыларының бірі салоннан шықпай қалып, жүргізуші сыртқа шығып кеткенде жиналған жол ақыны қолды қылған. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Петропавлда автобус жүргізушісі күдіктіні ұстауға көмектесті

Жәбірленушінің айтуынша, шығын сомасы 13 мың теңгені құрайды. Жүргізуші салонда ізін суытпақ болған бөгде адамды байқап қалып тоқтатқан және полиция шақырған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Күдікті – бұрын сотталған 39 жасар қала тұрғыны. Тергеу кезінде оның бұрын автобуста жасалған ұрлыққа қатысы анықталды, қасқөй ол кезде де кабинада жүргізушінің болмағанын пайдаланып, ашық тұрған терезеден ақша жымқырған.

Өткен жолы ол шамамен 15 мың теңге олжалаған. "Автобус маршруттары криминалдық полиция қызметкерлерінің ерекше назарында. 2019 жылғы ақпанда полицейлер мен қоғамдық көлік ұйымы өкілдерінің кеңесінен кейін қалалық маршруттардың басым бөлігінде бейне бақылау камералары орнатылып, олардың көмегімен бірнеше қылмыстың беті ашылды.

Бұдан бөлек, WhatsApp мессенджерінде жасалған құқық бұзушылықтар, із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша полицейлер мен жүргізушілерге ақпаратпен жедел алмасуға мүмкіндік беретін чат жұмыс істейді. Қоғамдық көлік саласының қызметкерлері құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлестерін қосады", деді Петропавл қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерболат Қаптаев.