Көпшілік демалысқа шыққан жаз айларында құжат тапсыру мен қабылдау қыза түседі. Бірі 1-сыныпқа баласын беру үшін жанталасса, екіншісі жоғары оқу орнына түсуге талпынады. Тағы бір топ магистратура мен докторантураға қажетті құжаттарды жинап жүр. Ал биыл осы үш мәселеде құжат тапсыру мен қабылдау ерекше болып тұр. Бұған әлемді өзгерткен пандемия себеп. Кім қайда, қалай, қандай құжат тапсырады? Осыған жауап іздеп көрелік.

kazlenta.kz
1-сыныпқа құжаттар қашықтан қабылданады
Білім беру ұйымдарына құжаттар Электронды үкімет порталы арқылы қабылданады. Бұл 1-сыныпқа баратын баланың құжаттарын тапсыруға да қатысты. Сондай-ақ бұрынғыдай дәстүрлі түрде мектепке барып та құжат тапсыра алады. Ол үшін санитария талаптары толығымен сақталуы тиіс.
Министрлік пандемияның өршіп кетуіне байланысты ата-аналардың, балалардың денсаулығына қауіп тудырмау үшін egov.kz арқылы құжат тапсыруға мүмкіндік жасап отыр. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы мәселеге қатысты: «Бізде баланың мектепке баруы отбасылық мерекеге айналған ғой. Баламен бірге әке-шешесі ғана емес, ата-әжесі де қосақтала жүретін отбасылар бар. Бірақ биыл мұндай еркіндікке мүмкіндік жоқ. Бұл – біріншіден, сол ата-аналар мен балалардың, екіншіден, құжаттарды қабылдайтын әріптестеріміздің денсаулығы. Сол себепті елдегі жағдай оңалып кеткенше бәрімізге ортақ талапты мейлінше сақтауымыз керек», деді. Біздіңше, баланың денсаулығы туралы медициналық анықтаманы жағдай тұрақталғанда, оқу жылы басталғанда тапсыруға рұқсат беріліп отырғаны ата-аналарға көмек болғалы тұр. Сонда ата-ананың (немесе оларды алмастыратын тұлғалардың) өтінішін; баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін; 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуретті тапсыру ғана қалады.
Айта кету керек, 1-сыныпқа құжаттар 1 маусымнан бастап қабылданып жатыр, бұл жұмыс 1 тамызға дейін жалғасады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Колледж талапкерлері емтихан тапсырмайды
Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары 20 маусымнан бастап талапкерлердің құжаттарын қабылдауды бастады. Құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады. Мұнда да талапкерлер құжаттарын Электронды үкімет порталы немесе колледждердің ресми сайттары арқылы тапсыра алады.
Колледждерге талапкерлерді қабылдауға қатысты бір жаңалық – биыл қабылдау емтихандары болмайды. Конкурс аттестаттың міндетті және бейінді пәндерінің жиынтық балы бойынша жүргізіледі. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар үшін арнайы конкурстар өткізіледі.
Бұл да пандемияға байланысты қабылданған шешім болса керек. Әлде бұдан былай да осы бағытта оқуға қабылдана ма? Биыл ғана қолға алынған емтихансыз қабылдау қаншалықты әділетті? Журналистермен өткен онлайн брифингте осы сұрақтарды Білім және ғылым министріне қойдық. Сонда Асхат Аймағамбетов: «Біз бұл шешімді негізі ертерек, наурыз айында қабылдадық. Бірақ әріптестерге конкурстың аттестаттағы міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балы бойынша жүргізілетінін ашық айтпадық. Оқу жылының аяқталып, аттестат, куәліктердің өз иелеріне жеткенін күттік. Мұндағы мақсатымыз – әділдіктің болуын қамтамасыз ету, талапкерлердің оқуға түсу үшін жақсы бағаға бітіруге ұмтылуын болдырмау еді. Сол ниетпен біз бұл шешімді маусым айында ғана жарияладық», деп жауап берді. Министрдің мәлімдеуінше, қабылдау емтихандары биыл пандемияға байланысты өткізілмейді. Ал алдағы уақытта колледж талапкерлеріне де жоғары оқу орындарына қабылдаудың талаптарында белгіленген мүмкіндік берілмек. Яғни кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін бірыңғай тестілеу ұйымдастырылады, талапкер соның нәтижесінде алған сертификатымен қалаған колледжіне құжат тапсыра алады.
Магистратураға өтініш беру бүгін аяқталады
15 маусымнан басталған магистратураға түсу өтініштерін қабылдау уақыты 15 шілдеде аяқталады. Ал докторантураға түсу өтініштерін қабылдау 3 шілдеден 3 тамызға дейін жүргізіледі. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алғысы келетін талапкерлер өз өтініштерін Электронды үкімет порталы, яки Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтындағы «магистратура және докторантураға түсушілерге» санатына өтіп, Digital ID-сандық төлқұжат (жеке басын растайтын құжат) жасап, одан әрі қажетті құжаттарды жүктеп, өтініш бере алады.
Магистратураға түсу емтихандары электронды форматта 1-15 тамыз, ал докторантура бойынша тестілеу 4-20 тамыз аралығында өткізіледі.
Биыл пандемияға байланысты магистратура мен докторантураға түсу үшін Duolingo және IELTS INDICATOR онлайн тестілердің сертификаттарын қабылдауға рұқсат берілді. Бұған дейін аталған халықаралық сертификаттардың қағаз түріндегі түпнұсқасы қабылданатын.
Магистратураға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады. IELTS INDICATOR бойынша шекті балл 6,0-дан, Duolingo English Test бойынша – 95-тен кем болмауы қажет.
Докторантураға түсу үшін талапкерлер шет тілін меңгергенін растайтын сертификатты былтырдан бері міндетті түрде тапсыруы тиіс. IELTS INDICATOR бойынша шекті балл – 5,5-тен, Duolingo English Test бойынша – 85-тен аз болмауы керек. Бұл ретте IELTS INDICATOR сертификатының қолданылу мерзімі 2 жылға, Duolingo English Test сертификаты 1 жылға дейін жарамды екенін естен шығармаған жөн.
Еске сала кетейік, медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға қарай медициналық анықтамаларды білім беру ұйымдарының бәріне – балабақшаға, мектепке, колледждер мен университеттерге кейінірек, анығы оқу жылы басталғанға дейін өткізуге рұқсат.
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • Бүгін, 22:25
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • Бүгін, 21:53
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • Бүгін, 21:27
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • Бүгін, 20:54
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • Бүгін, 20:25
Азия чемпионаты: Бүгін аруларымыз үш жүлде алды
Спорт • Бүгін, 19:51
Түркістан облысында 22 мыңнан аса оқушы тест тапсырады
Аймақтар • Бүгін, 19:27
«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді
Аймақтар • Бүгін, 19:00
Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 18:51
Театрда «Мауглидің» тұсаукесері өтті
Өнер • Бүгін, 18:46
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталды
Қазақстан • Бүгін, 18:44
Кісі қолынан қайтыс болған Аяжан Еділованың мәйіті жер қойнына тапсырылды
Аймақтар • Бүгін, 18:40
Елордалық оқушы «EGMO-2021» олимпиадасында екінші орын алды
Білім • Бүгін, 18:39
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауданды су басу қаупі бар
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Теміржол индустриясының әлемдік көшбасшысы Қазақстанмен ынтымақтастыққа ниетті
Қазақстан • Бүгін, 18:25
Пәтер ішін заңсыз жоспарлау неге апарады
Қоғам • Бүгін, 18:23
Азия чемпионаты: Төрт аруымыз жарысты жалғастыруда
Спорт • Бүгін, 18:03
Ақтау-Жетібай тас жолында жүк көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Павлодарда 16-шы қабаттан секірмек болған ер адам өлім аузынан қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:55
Елордада газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Елорда • Бүгін, 17:50
Алматы облысының орман алқабындағы өрт әлі толық сөндірілген жоқ
Аймақтар • Бүгін, 17:34
Нұр-Сұлтан стационарларында 4,5 мыңға жуық науқас емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 17:30
Екібастұзда көлік жүргізуші үй ауласында жасөспірімді қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:24
Браконьерлік фактілер бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
Экология • Бүгін, 17:16
Шымкенттің бас дәрігері ауруханадағы жантүршігерлік жағдай туралы айтты
Оқиға • Бүгін, 17:13
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 16:59
Түркістан саммитінде мақұлданған бастамалар Ыстанбұлда рәсімделетін болады
Қазақстан • Бүгін, 16:59
Шахрат Нұрышев: Ел азаматтары Түркі ұйымдарын абыроймен басқарып келеді
Қазақстан • Бүгін, 16:54
Екі килограмм есірткі тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 16:49
Ғасырлық тарихы бар ежелгі қала жаңа келбетке ие болды – Ақтоты Райымқұлова
Руханият • Бүгін, 16:44
Әділет қызметкері әріптесіне жұдырық жұмсаған
Аймақтар • Бүгін, 16:41
Түркі интеграциясы жаңа деңгейге көтерілді – Шахрат Нұрышев
Руханият • Бүгін, 16:36
«Түркістан декларациясы» Қазақстанның Түркі әлеміндегі орнын бекіте түседі – Дархан Қыдырәлі
Қазақстан • Бүгін, 16:35
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас күмбезі қалай жаңартылды?
Қоғам • Бүгін, 16:32
Шахрат Нұрышев: Елбасы Түркі әлемінің болашағына сенім білдірді
Қазақстан • Бүгін, 16:28
Елімізде гемофилиямен ауыратын науқастардың саны артып барады
Медицина • Бүгін, 16:26
21 хан, 8 сұлтан.Түркістанға тағы кімдер жерленген
Қоғам • Бүгін, 16:22
Тарихи нысандарды қалпына келтіруде әуесқой көзқарасқа жол берілмейді – министр
Қоғам • Бүгін, 16:14
«Халифа Алтай» мешітінде вакцина егу пункті жұмысын бастады
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Шөкеев: Түркістан – бауырлас елдерді ортақ мақсатқа жұмылдыратын бағдар болуы тиіс
Қазақстан • Бүгін, 16:10
Маңғыстауда сирек кездесетін қызғалдақ гүлдеді
• Бүгін, 16:08
Түркістанға келушілер саны 3,5 млн-ға дейін ұлғаяды – Ақтоты Райымқұлова
Қоғам • Бүгін, 15:52
Алматыда құны 66 миллиард теңгеден астам 5 мыңнан аса пәтер салынды
Қазақстан • Бүгін, 15:24
«Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» атты халықаралық конференция басталды
Руханият • Бүгін, 15:00
Алматыда 12 600 оқушыға арналған 8 жаңа мектеп салынады
Білім • Бүгін, 14:57
Ақтөбеде жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:27
БҚО-да карантин талаптарын бұзғандарға 4,2 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:58
Тұтынушы үшін дәрілік нұсқаулықтардың түсінікті болуы маңызды
Медицина • Бүгін, 13:40
Қазақстан Ұлттық Банкі мен ХВҚ екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Экономика • Бүгін, 13:28
Эльдар Уркумбаев Массачусетс технологиялық институтының грантына ие болды
Білім • Бүгін, 13:13
Қазақстанда 12 градусқа дейін аяз болады
• Бүгін, 13:00
Бақылаудағы тарих: Біз одан арыла алдық па?
Тарих • Бүгін, 12:45
Мемлекет басшысы ақын Есенғали Раушановтың отбасына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 12:43
Солтүстік Қазақстанда орман өртімен күресетін мекемелердің дайындығы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді
Елорда • Бүгін, 12:25
Арнайы өкіл: Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіру үшін өңірлік ынтымақ керек
Әлем • Бүгін, 12:10
Сенаторлар ұлттық қауіпсіздіктің жұмысын жетілдіру мәселесін талқылады
Парламент • Бүгін, 12:07
«Nur Otan»-да 600 жас депутаттан тұратын корпус құрылды
Қоғам • Бүгін, 12:06
Президенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі
Президент • Бүгін, 11:59
Астық егу науқаны мамыр айының ортасында басталады
Қоғам • Бүгін, 11:44
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:35
Алик Шпекбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:27
Солтүстікте су деңгейі көтеріліп келеді
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамаға өзгеріс енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:23
Президенттің өкімімен бірқатар лауазым иесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:23
Ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті
Қоғам • Бүгін, 11:20
Алматыда 100-ден астам көшенің аты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 11:12
Қазақстандық каратэшілер Парижде екі қола жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:10
Ұқсас жаңалықтар