ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес:
2020 жылдың қаңтарынан бастап педагогтердің лауазымдық жалақылары 25%-ға көбейді. Педагогтердің лауазымдық жалақылары жыл сайын 25%-ға өсіп отырады және 4 жылдың ішінде педагогтердің еңбекақылары екі есеге артады.
Сонымен қатар, біліктілік санаты бойынша:
педагогтерге лауазымдық жалақыдан 30-дан 50%-ға дейінгі мөлшерде;
мектеп директоры мен олардың орынбасарларына лауазымдық жалақыдан 30-дан 100%-ға дейінгі мөлшерде үстемақылар енгізілді.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап дәптер тексеру мен сынып жетекшілігі үшін төленетін үстемақы көлемі екі есеге артады.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі бар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне 10 АЕК (27 780 теңге) мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
Одан бөлек, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының тәлімгерлік жүргізетін мұғалімдеріне 17 697 теңге мөлшерінде үстемақы төленеді.
Педагогтердің жалақысын ұлғайту бойынша қабылданған шаралар туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды
Елорда • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Кеше
Алматы • Кеше
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше