Білім • 28 Шілде, 2020

ЖОО оқытушыларының жалақысы өседі

2171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық сенім кеңесінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес ЖОО-дағы грант құнын өсіру туралы Үкімет қаулысы қабылданды, - деп хабарлайды Egemen.kz

ЖОО оқытушыларының жалақысы өседі

Бұл шара екі мәселені шешуге мүмкіндік береді: 

-жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын өсіру;

-университеттердегі материалдық-техникалық базаны нығайту. 

2019-2020 оқу жылында жоғары оқу орындарында оқытушылардың жалақысы орта есеппен 20 пайызға өскен болатын.

Ал 2020-2021 оқу жылында оқытушылар жалақысы шамамен 21-32  пайызға дейін көтерілетін болады.