Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індеті іргеден сығалап тұрған карантиннің алғашқы айларында елімізде медицина ғылымын дамытуға назар аударып, бірқатар тапсырма жүктеді.

Соның ішінде алғашқы отандық вакциналармен танысып, одан үлкен үміт күтуге болатынын жеткізген-ді. Сәуір айында елордадағы Ұлттық биотехнология орталығына барған сәтінде ғалымдарға мемлекет тарапынан қажетті көмек берілетінін айта отырып, «вирус пен оның таралуы биологиялық лабораториялардың, медициналық және санитарлық қызметтердің жұмысына мемлекеттің ерекше көңіл бөлуі тиіс екенін көрсетті», деп атап өткен болатын.
Президенттің Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық биотехнология орталығының ұжымдарын індетті анықтауға арналған диагностикалық тест жүйесін әзірлегенімен құттықтағаны да есте.
Қазір отандық биомедицина саласын мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық вакцина сынақтан сәтімен өткізіліп жатыр. Әлем баспасөзінен пандемияға байланысты көптеген елдердің коронавирусқа қарсы вакциналарды жедел түрде жасай бастағанын білуге болады. Қазақстанда да аса қауіпті инфекцияларға қарсы вакциналарды әзірлеу және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтастық бойынша Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының тәжірибесі жинақталғанын айтуға тиіспіз. Аталған институт вакцинаны дайындауға наурыз айының ортасынан бастап кіріскен еді. Бұл ғылыми ұйым қауіпті инфекциялармен жұмыс істеу мақсатында 13 биологиялық қауіпсіздік зертханасында жұмыс істейтін еліміздің жетекші вирусолог-ғалымдарын біріктіреді.
Қауіпті және аса қауіпті жұмыстардың барлық түрі қауіпсіздіктің 3 деңгейіндегі зертханада (BSL-3) жүргізіледі. Бұл 50 жылдан астам нәтижелі жұмыс атқарған және вакциналарды өндіруде тәжірибесі мол, бірегей институт. Институттың зерттеулері негізінен медицина мен ауыл шаруашылығына арналған вакциналардың жаңа түрлерін жасауға, иммунобиологиялық препараттарды өндіруге, қауіпті және аса қауіпті ауруларды диагностикалау үшін тест жүйелерін жасауға бағытталған. Тек соңғы 10 жылдың ішінде институт аса қауіпті инфекциялар бойынша, оның ішінде «құс» пен «шошқа» тұмауына, нодулярлық дерматитке, бруцеллезге қарсы 7 жаңа вакцина жасау технологиясын дайындады. Мамандардың айтуынша, қауіпсіздік және иммунобиологиялық қасиеттері бойынша соңғысы осы ауруға қарсы өзге вакциналарға қарағанда едәуір сапалы. Сонымен қатар биыл Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары түйе шешегіне қарсы вакцина жасады.
Ал COVID-19 вирусын жұқтырған бастапқы науқастар наурыз айының ортасында ғана анықталғандықтан ғалымдар патологиялық материалға тек 23 наурызда қол жеткізді. Алматы қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан алғашқы науқастардан материалдар алынып, институтқа жеткізілді. BSL-3 қорғау деңгейі бар зертханада биологиялық үлгілерден VERO жасушаларының культурасында SARS-CoV-2 қоздырғышы (коронавирус қоздырғышы) ретінде анықталған вирус бөлініп, оның биологиялық қасиеттері зерттелді.
Өте қысқа уақыт аралығында жүргізілген ғылыми-зерттеулердің нәтижесінде 9 мамырда аталған институттың ғалымдары алғашқы вакцинаны шығарды. 15 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық вакцинаны өз сайтында клиникаға дейінгі сынақтарға арналған кандидаттық вакцина ретінде тіркеді. ДДҰ-да тіркелген күні зертханалық жануарларға вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтары басталды. Бүгінгі таңда сынақ нәтижелері ДДҰ регламенттеген барлық параметр бойынша, атап айтқанда, уыттылық, пирогенділік, аллергенділік, иммуногендік ерекшеліктеріне сәйкес вакцинаның ДДҰ мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясының талаптарына сәйкес келетінін көрсетеді.
Сонымен қатар БҚПҒЗИ вакцинаны антиденелер титрі жоғары иммуногенділікті көрсеткен приматтарда да сынақтан өткізіп жатыр. Клиникаға дейінгі зерттеулер аяқталғаннан кейін көп ұзамай вакцинаның клиникалық сынақтары басталады. Сондай-ақ БҚПҒЗИ әртүрлі платформаларда тағы үш вакцинаны: СOVID-19-ға қарсы қосалқы, векторлық және тірі кандидаттық вакциналарды дайындап жатыр.
Иә, қазіргі пандемия құрсауындағы жаһан жұрты үшін іргелі ғылыми-зерттеулердің маңызы зор. Бұл вакциналық сынақ жұмыстарының ел азаматтарының денсаулығын сақтап, індеттен аман алып қалу тұрғысындағы көмегін күллі қазақстандықтар күтіп отыр.
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар