Бұл індеттің қаупіне бастапқыда жұбайым Тиыш Әлтайқызы екеуіміз де мән бере қоймадық. Өйткені ешкіммен араласпай, бетперде тағып, қолымызға қолғап киіп, азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға шығып жүрдік. Осылай сақтанып жүрсек те, бір күнде тамаққа тәбетіміз болмады. Басымыз солқылдап ауырып, жөтеле бастадық. Жөтелмен бірге ентікпе пайда болды. Қызуымыз көтерілді. Зілбатпан жүк басып тұрғандай, орнымыздан тұра алмай қалдық. Сөйтіп, амалсыздан жедел жәрдеммен өте қиын халде ақ желеңді абзал жандардың қарауына келдік. Олар бізді ата-анамыздай мәпеледі. Дәрігерлердің диагнозды дұрыс қоюы, дәрі-дәрмегі мен жылы сөзінің арқасында ғана бетіміз бері қарады. Атыраудағы №2 облыстық аурухананың бас дәрігеріне, орынбасарларына, барлық дәрігерлерге, медбикелерге, меджігіттерге, барша қызметкеріне шын жүрегімізден алғысымызды айтамыз.
Шын мәнінде ауруханадағы дәрігерлердің, әсіресе, инфекционист-дәрігерлердің қызметі өте ауыр екеніне көз жеткіздік. Жедел жәрдемдегі, ауруханадағы дәрігерлер, медбикелер мен тазалықшылар індеттен қорғану үшін қорғаныш киімін киіп, тұмшаланып жүреді. Мұндай киіммен бірнеше сағат бойына жұмыс істеу оңай ма? Соған қарамастан, науқас жандардың жанынан табылып, екпелерін егіп, дәрілерін дер кезінде беріп, аузымызға сусын тамызып, қамқор болған жандарға мың тағзым! Өйткені олар дерті жанына батқан науқастарға қанатымен су сепкен қарлығаштай тыным таппайды. Бар мейірімі мен жан жылуын төгіп жүр. Жұқпалы індеттің қатерлі екенін біле тұра, қауіптің ортасында жүрген ақ желеңді дәрігерлерге қандай құрмет көрсетілсе де артық етпейді.
Күні-түні аса қауіпті вирустың ошағында, науқастардың жанында болу үшін жүрек керек. Кейде медицина қызметкерлерінің соншама ұмтылғанына қарамастан, қайтыс болған адамдарды көргенде жүрегің қарс айырылады. Мен ауруханада дәрігерлердің адам өміріне араша түсіп, жанталасқан сәттерінің куәсі болдым. Сондықтан дәрігерлерге басымды иемін! Бар жақсылыққа ие болсын! Алла қолдасын!
Дертіміз асқынып, өмір мен өлімнің ортасында жатқан кезде кім жылы сөзін айтып, жаныңа келсе, сол адам ұмытылмайды екен. Соның бірі – Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов. Бірнеше рет ауруханаға келіп, ауырып жатқан адамдармен сөйлесіп, науқастардың жағдайымен танысқан әкімнің адамгершілігіне тәнті болғанымыз рас. Дәрі-дәрмектің дер кезінде жеткізілуін, аурухананың сырқаттарға керекті аппараттармен қамтамасыз етілуін үнемі қадағалап отырды. Қауіпті індет дендеген кезде бұқара халықпен жақын болып, басына қиындық түскен жандармен қайғыны бөлісе білу – парасаттылық.
Қазір жағдайымыз жақсарып, денсаулығымыз қалыпқа түсті. Отбасымызға аман оралдық. Әлі де үйден дәрігерлердің белгілеген емін алудамыз. Учаскелік дәрігерлер келіп, қызуымызды өлшеп, күнделікті нұсқауларын береді. Біз секілді мыңдаған адамды қауіпті індеттен құтқарып қалған №2 аурухананың бас дәрігеріне, орынбасарлары мен дәрігерлерге, орта буын медицина қызметкерлеріне, тазалықшыларға, бәріне разымыз. Бұл ауруханада жұмыс жақсы жолға қойылғанына куә болдық.
Айналайын, ағайын, карантиндік шектеулерді, жеке бас гигиенасын сақтағанымыз жөн. Деннің саулығы, елдің амандығы үшін дәрігерлер айтқан талапқа бағынайық. Той, садақаны әзірше қоя тұрайық. Өзіміздің де, өзгенің өміріне қауіп төндірмейік. Сонда ғана халқымыз аман болады, еліміз өркендейді. Аман болайық, ағайын!
Ілия ЖАҚАНОВ,
Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері,
композитор, өнер зерттеушісі,
«Отан» орденінің иегері
Атырау облысы
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Түркістанда 5 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар