Worldometers халықаралық статистикалық сайттың мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта Covid-19 ауруына шалдыққан 18,7 миллионнан астам адам айқындалған. Көптеген елдер аурудың үдемелі кезеңінен өткен. Кейбір елдер шетел азаматтарына шекарасын ашқан, ал кейбірі ашуға дайындалуда.
Қазақстандықтар шетелге тек демалу мақсатында шықпайды. Мысалы, іссапары, жақындарын көру, емделу немесе әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануы мүмкін. Осыған орай, Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясы зерттеу жүргізіп, жаздың соңына дейін қазақстандықтарға баруға тыйым салынған елдерді, біздің туристерді белгіленген ережелерге сәйкес қабылдайтын елдерді, сонымен қатар шекарасын толық, соның ішінде, демалу үшін ашқан елдерді анықтады.
Зерттеу барысында Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) мәліметтері пайдаланылды.
Туристерге баруға толық тыйым салынған елдер
Жалпы алғанда, бұл тізімге 60-тан астам ел кірген. Олардың ішінде: Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Израиль, Сирия, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка, Куба, Перу, Аргентина, ОАР, Марокко, Алжир, КХДР бар.
Халықаралық рейстерге арналған 15 әуежайын тамыздың 15-не дейін ашу жоспарланған елдер сапында Тәжікстан, Грекия, Румыния, Чили болса, ал тамыздың 31-не дейін қазақстандықтар үшін келесі елдердің шекарасы жабық: Түрікменстан, Әзербайжан, Моңғолия, Үндістан, Таиланд, Испания, Швеция, Канада, Перу, Колумбия, ОАР. Сонымен қатар Италия туристер үшін шектеуді алып тастаудың болжалды мерзімі қазанның 15-іне дейін созылғанын мәлімдеді.
Тыйым салуды толық қолданатын қалған елдер, шекараларын қашан ашатынын әлі хабарлаған жоқ, яғни Қазақстан азаматтарына қай уақытта қолжетімді екені белгісіз.
Ішінара шектеу қойған елдер
90-нан астам елдер шетел азаматтарын белгіленген ережелерге сәйкес қабылдауға дайын екендігі туралы мәлімдеді. Олардың ішінде: Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Грузия, Армения, Моңғолия, Канада, АҚШ, Бразилия, Еуропа мемлекеттері (Молдованы қоспағанда), БАӘ, Үндістан, Қытай, Аустралия, Жапония, Таиланд, Малайзия, Индонезия, Филиппин елі және Жаңа Зеландия.
Әзірше аталған ережелер, демалу мақсатында шыққан туристердің көпшілігіне қолданылмайды. Алайда шетелге басқа себептермен барушыларға, мысалы, ата-аналардың шетелде оқитын баласы бар, операция немесе іссапар жоспарланған болса, ерекше ережелерді сақтау талап етіледі.
Бірінші кезекте, Covid-19 тесті бойынша нәтижесі көрсетілген медициналық анықтамасы шығу күнінен 7 күн алдын ала және одан кеш емес мерзімде берілуі тиіс. Ұшып келгенде туристер медициналық куәландырудан өтеді және жеке карантинде 14 күн болады. Кейбір жағдайларда, жолаушылардың ұшар алдында алынған жол жүру рұқсаты болуға тиіс. Шетелге баратын туристердің коронавирустан сақтандыру полисінің болуы өте маңызды. Мысалы, Covid-19-ға сақтандыру Қазақстанда жасалса, бүкіл әлемде заңды түрде қолданылады.
Туристерге шекарасын ашқан елдер
Бұл тізімде әзірше 17 ел бар: Украина, Ауғанстан, Сербия, Мысыр, Мексика, Доминикан Республикасы, Мальдив және Багам аралдары.
Тыйым салу толық алынғанымен, ұшып келгенде жолаушылар медициналық куәландырудан өтуге және ауруы жоқ туралы анықтамасын ұсынуға тиіс.
IATA тізімінде сонымен қатар мәртебесі әлі анықталмаған елдер белгіленген, мысалы, Бехрейн, Мартиника, Палестина.
Шектеулері толық немесе ішінара алынғанына қарамастан, көптеген елдерде әлі де Covid-19 ауыратындар саны мыңдаған адаммен есептеледі. Мысалы, АҚШ, Бразилия және Үндістанда сырқаттанушылар саны өте көп – 2 275 553, 741 213 және 587 908 оқиға. Сондықтан ел азаматтарын шетелдік ұзақ сапарға алдын ала дайындау қажет.
Коронавирустан сақтандыруды алатын болсақ, бұл жайында шетелге шығу алдында 14 күн бұрын қамдану керек. Мысалы, Corona Protect сақтандыру, ресімделген күнінен екі аптадан кейін іске қосылады және 6 ай ішінде қолданады. Оның шарттарына сәйкес, емханаға түскен жағдайда қаржылық көмек алуға болады. Сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, төлемді мұрагерлері алады. Сақтандыру төлемі 4 900-24 500 теңге аралығында құбылады, таңдалған төлем жиынтығына тәуелді (100 мың теңгеден 5 000 мың теңгеге дейін).