Рейдтік тексерістер барысында балық ресурстарын қорғау аясында 577 заң бұзушылық анықталды. Бұл бойынша 577 тұлға жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде өрескел заң бұзушылық жасағаны үшін (тыйым салынған аулау құралдарын пайдалану, тыйым салынған мерзімде және орындарда балық аулау, тіркелмеген қайықтарды және т.б. қолдану) 95 материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ 9 801 384 теңгеге айыппұл салынды,
5 415 850, 6 теңге сомасындағы залалды өндіру бойынша талап-арыз ұсынылды. Заңсыз қолданылған 1 352 дана аулау құралы алынып қойылды, оның ішінде синтетикалық моноталшықтан жасалған 924 ау, 11 қайық және әртүрлі типтегі 6 мотор, 3933,7 кило заңсыз олжаланған балық тәркіленді.
Жыл басынан бері аумақтық инспекцияның лауазымды тұлғалары табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері бойынша 7 қылмыстық іс қозғады. Нәтижесінде 9 адам жауапкершілікке тартылды. Құрамына мүдделі органдар (прокуратура, ІІД, ЖАО, Инспекция) кіретін жедел топтар құрылды. Құқық қорғау органдарының өкілдерімен жүргізілген 32 бірлескен рейдтік іс-шара барысында 8 құқықбұзушылық ашылды.
Өңірдегі су айдындарында 2020 жылғы 15 ақпаннан бастап 2020 жылғы 1 шілде аралығында балықты және басқа су жануарларын аулауға бекітілген лимит 3804,973 тоннаны құрайды, оның 3591,591 тоннасы, 94,3%-ы игерілді. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында 3206,4 мың теңге сомаға 2658 мың дана балық жіберілді. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында 350 мың теңге сомаға 1000 мың дана балық жіберілді.
Келтірілген залалды өндіріп алу есебінен «Шүлбі ГЭС» ЖШС 2 917 707 теңге сомаға 132623 дана, «Өскемен ГЭС» ЖШС
6 955 847 теңге сомаға 297 730 дана, «Казцинк» ЖШС 1 773 333 теңге сомаға 70933 дана балық жіберу жұмыстарын жүргізді.