Карантин шараларын жеңілдету мақсатында Бейжің тұрғындарына көшеде бетпердесіз жүруге рұқсат етілді. Екі апта бойы қалада COVID-19 індетін жұқтыру деректері кездеспеді. Тұрғындарға медициналық масканы тағу міндеттелмесе де бұқара халық бетпердесін шешуге асығар емес.
«Мен масканы кез-келген уақытта шешіп тастай аламын. Бірақ бұл қылығымды басқалар қалай қабылдайтынын білгім келеді. Себебі көпшілік маскасыз жүрген адамдардан әлі де қорқады деп ойлаймын», - дейді 24 жастағы Пекин тұрғыны.