Қазақстан • 22 Тамыз, 2020

Білім беру ұйымдары 1 қыркүйектен жылыту маусымына дайын болады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігігі жергілікті атқарушы органдардың алдағы жылу беру маусымына дайындығы барысын қадағалап отыр, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Білім беру ұйымдары 1 қыркүйектен жылыту маусымына дайын болады

Әкімдіктердің деректері бойынша қазіргі уақытта республика көлемінде жылыту маусымына дайындық шамамен 70% құрайды.

2020-2021 жылғы күзгі-қыс кезеңіне дайындық жоспарына сәйкес биылғы 1  қыркүйекке  дейін  елімізде білім  беру объектілері 100% дайын болады. Барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала объектілері 2020  жылғы 15  қазанға  дейін  дайындалады.

Жалпы алғанда, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары тұрақты режимінде жүріп жатыр.