Мәселен, Мәдениет және спорт министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігі бірлесе жүзеге асырған Жол картасы жобасы аясында 8 нысан мен 12 санитарлық-гигиеналық тораптың құрылысы басталып, тағы 10 инфрақұрылым нысанының құрылысы жоспарланған. Қабылданған шаралар аймақ аумағында Rixos Water World Aktau сияқты жобаларды іске асыру үшін инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. Қаланың курорттық кешендерінің қарқынды дамуы жақын арада шетелдік және отандық жағажай демалысын ұнатушылар ағынын едәуір арттыратыны жоспарланған.
«Rixos Aktau курорттық қонақүйі дестинация турпотенциалын мүлдем басқа деңгейге шығарды. Бұл ретте инвесторлар жағалау аумағын одан әрі кешенді дамытуды жоспарлап отыр. Бүкіл кешенді іске асыру Ақтау қаласының ғана емес, елдегі барлық курорттық демалыс индустриясының көзқарасын өзгертеді. Маңғыстау облысындағы туризмнің әлеуетін ашу туристік ағын мен табысты арттыру үшін өте маңызды. Жағажай туризмі – дамудың жалпы тұжырымдамасындағы «алып», ал бірегей табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштер туристерге арналған ұсыныстардың санын көбейтуде және сапасын жақсартуда шешуші рөл атқаруы керек. Өңірдің дамып келе жатқан жол желісі қазірдің өзінде көптеген туристік қызығушылық тудыратын орындарға жайлы сапарларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді», деп атап өтті вице-министр Ө.Бисақов.
Шынында да, кейінгі жылдары Маңғыстау түбегі белсенді саяхат сегментінде туристерді көбірек қабылдайды. Әсіресе, қасиетті жерлерге жол салатын туристердің саны көп. Осыған байланысты көрікті жерлерді сақтау мәселелеріне көп көңіл бөлінуі тиіс.
Kazakh Tourism басқарма төрағасы Ержан Еркінбаевтың айтуынша, Бозжыра, Жығылған, Қапамсай, Торыш, Шерқала, Айрақты-Шоманай – бірегей табиғи нысандар. Осы объектілердің айналасында дұрыс туристік инфрақұрылымды дамытуды және халықаралық деңгейдегі туристік өнімдерді құруды бастау қажет.
– Үлкен қашықтықты ескере отырып, ең алдымен танымал объектілер ауданындағы визит-орталықтар желісін дамыту, сондай-ақ туристердің түнеуіне арналған орындар ұйымдастыру қажет. Бұл глемпинг, кемпинг, шатырлы қалашықтарға арналған орындар, қонақүйлер болуы мүмкін. Аталған объектілердің базасында бақылау алаңдары, джип/багги/мото турлар, балық аулауды ұйымдастыру, түйе фермаларына, этно-ауылдарға бару және т.б. жаяу маршруттар одан әрі дами алады. Әйтпесе туристердің теріс әсерлі ағындарының салдары тек зиян келтіреді. Мұндай жағдайда турист бір сапарда бірден бірнеше нысанды аралап, ілеспе қызметтердің барлық спектрін ала алады.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов біздің өңір – қызықты тарихи-мәдени нысандардың, ландшафтардың, зиярат ету орыдарының алуан түрлілігімен, салт-дәстүрлерге берік ұстанушылығымен ерекшеленеді дейді. Сондай-ақ ол өңірдің аумақтық орналасуы, Каспий теңізі арқылы бірден бес шет мемлекетпен шектесу арқылы көп миллиондық әлеуетті нарық екенін еске салды. «Сондықтан өңір соңғы жылдары өзінің туристік әлеуетін барынша іске асырғысы келеді. Біз ұсыныстарға ашықпыз», дейді Ғ.Ниязов.
Сала өкілдері бас қосқан екі күндік қарқынды және жемісті жұмыс барысында көшпелі кеңеске қатысушылар орта мерзімді міндеттердің векторын анықтады, олардың ішінде, мысалы, визит-орталықтарды өңірдің негізгі туристік дестинацияларына орналастыру. Бұл хабарды назарға алған кездесулерге белсенді қатысқан бизнес өкілдері осындай екі визит-орталықтың құрылысына қаражат салуға ниет білдірді.