Жедел жәрдем қызметкерлері жолда кетіп бара жатып «Жетінші аурухананың» төтенше жағдайлар бөлімшесіне ұялы телефон арқылы өте ауыр науқас алып бара жатқанын хабарлағандықтан, қабылдау бөлімшесінің мамандары науқасты қабылдауға дайын болды.
Ауруханаға қабылданған жігіттің жалпы жағдайы өте ауыр болған. Науқастың суық қарудан ішкі ағзалары зақымдалып, қанға боялған. Медициналық тілде айтқанда, ақыл-есінен айырылып, сұрақтарға жауап бермеді, нәтижесінде, іш қуысының жарақаты, геморрагиялық жарақаттану (қанның көп жоғалтуына байланысты) және травматикалық шоктың салдарынан жағдайдың ауырлығына байланысты қан қысымы 70-75/35-40 төмен болған.
Қысқасы, дәрігерлердің науқасты толық тексеріп, тергеп жатуға уақыттары жоқ екенін түсініп, жедел ота жасауға кірісті. Жас жігіттің өміріне үлкен қауіп төніп тұр. Барлық киімдері қанға малынған. Кииімдерін тездетіп қайшымен кесіп алып, аурухананың қабылдау бөлімшесіндегі жансақтау бөлмесінде анализдерді қатар алуға тура келді. Содан кейін науқас денсаулығына байланысты хирургиялық ота жасау үшін жедел түрде операция бөлмесіне көтерілді.
№7 Қалалық клиникалық аурухананың №2 хирургия бөлімшесінің хирургі Фараби Стамқұлов айтқандай, ең алдымен қанды тоқтатыпғ қан қысымын қалыпқа келтіру қажет болды, себебі науқас тым көп қан кетуіне байланысты операция үстелінде қайтыс болуы мүмкін еді. Шынында да, өте төмен қысым кезінде өмірлік маңызды органдардың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылды, мұның салдары ауыр болуы мүмкін: гипоксия, ми мен жүректің ишемиясы.
"Біріншіден, біз қанды тоқтатудан бастадық (қан қысым өте төмен болды). Барлық зақымдалған тамырлардан және ұлпаларадан ішкі және сыртқы қан кетуді тоқтатқаннан кейін мониторда қан қысымы көтеріле бастады. Содан кейін біз ішкі органдарды қайта қарауды жалғастырдық. Ота кезінде бізге пациенттің өмірін сақтап қана қоймай, сонымен қатар болашақта науқас мүгедек болып қалмауы үшін, жас жігіттің ішегін мүмкіндігінше сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау маңызды болды. Ұзындығы 50 см-ге дейін созылған аш ішектің зақымдалған бөлігін сақтай алмайтын болғандықтан, резекция жасадық (көптеген перфорациялық жаралар болған жерлерде, ішектер жартылай кесілген жерлерде. Мезентериалды артериялардың көптеген жарақаттары болған жерлерде тамақтанудың жеткіліксіздігі байқалды). Жіңішке ішектің ілмектері мен ішек қарыншаларының көптеген перфорациялық жараларының қалған бөлігі тігілді. Операциядан кейін пациенттің өміріне жаңа қауіп төнбес үшін, анастомоз бен тігістің ағып кетуіне байланысты қайта ота жасау қаупін болдырмас үшін біз бәрін ескердік. Жұмыс сәтті аяқталды. Отадан кейінгі кезең қиындықсыз өтті", деді Фараби Стамқұлов.
Операция сәтті өтті, хирургтар барын салып, жұмыс жасады. Өлім аузынан қалған жас пациенттің өміріне алаңдаушылық артта қалды. Мүмкін ол бұл туралы ешқашан толығымен ешқашан білмей де кетер. Мұны тек қана оның өмірі үшін күрескен ақ халатты абзал жандар ғана біледі. Жедел жәрдем жүйелі жұмыс істеп, науқасты ауруханаға уақытында жеткізгендіктен, 7 ауруханада жедел медициналық көмек уақытылы және сапалы түрде көрсетілді. Сонымен қатар шокқа қарсы терапия мен хирургиялық ота дұрыс жасалғандықтан жас жігіт өмір сүруге екінші рет мүмкіндік алды. Сәтті операциядан кейін ол 11 күн бойы №7 Қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде және №2 хирургия бөлімшесінде өткізді. Жақында ол амбулаториялық ем алу үшін жағдайы тұрақты деп танылып, ауруханадан шығарылды.