Ауа райы • 30 Қыркүйек, 2020

Бүгін үш өңірде үсік жүреді

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 30 қыркүйекте ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz "Қазгидромет" РМК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін үш өңірде үсік жүреді

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күн ашық болады. Тек республиканың солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың кей жеріне тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Қостанай, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстаноблыстарының кей жеріне тұман түседі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбылоблысының кей жерінде тұман, шаңды дауыл, жел қарқыны – 15-23 м/с.

Қызылордаоблысының кей жерінде жел соғады, жел жылдамдығы 15-23 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз шаңды дауыл соғады.

Түркістан облысының кей жерінде жел екпіні – 15-20 м/с.

Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерінде түнде және таңертең 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбеоблыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.