Технология • 30 Қыркүйек, 2020

Қазақстанның үш қаласында 5G қашан қосылатыны белгілі болды

2930 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің үш қаласында 5G қашан қосылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның үш қаласында 5G қашан қосылатыны белгілі болды

Бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 5G желісі еліміздің ірі үш қаласында қосылатынын мәлімдеді.

Бағдат Мусиннің айтуынша, 5G ұялы байланыс стандартын енгізу бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 11 тестік сынақ жүргізілген.

Сондай-ақ ол тиісті жиілік диапазондары босатылып, әрі қарай операторларға тарату механизмі қарастырылғанын тілге тиек етті.

Осыған сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G желілері 2022 жылы іске қосылады. Ал облыстық орталықтарда 2025 жылға дейін жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында Асқар Мамин жыл соңына дейін ауыл халқының 99%-ына кең жолақты интернет қолжетімді болатынын хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10