Технология • 01 Қазан, 2020

«Ақылды» аймақтар

277 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шанхай қаласында дәстүрлі Huawei Connect 2020 дәстүрлі конференциясы өтті. Дүние жүзі бойынша 5G желісінің дамуына орай ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторында жаңа мүмкіндіктер ашылғаны белгілі. Сондықтан биылғы конференцияның негізгі тақырыбы байланыс, бұлтты технология, жасанды интеллект, озық есептеулер мен өнеркәсіптегі қосымшалардың өзара әріптестігіне арналды.

«Ақылды» аймақтар

Конференцияда сөз сөйлеген Huawei компаниясының бас­қарма төрағасы Го Пин кәсіп­орындардың және үкімет­тер­дің басқару жүйелерін жетіл­дірудегі, сондай-ақ «ақылды» кәсіпорындар, ғимараттар және қалалар құрудағы озық тәжірибелері туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, қытайлық компания өзінің серіктестерімен бір­лесіп кәсіпорындарға цифрлан­дырудың көмегімен бизнесті дамытуға, ал үкіметтерге бас­қару сапасын арттыруға кө­мектесіп, ақпараттық-ком­му­никациялық технологияларды енгізуде.

– Үкіметтер мен кәсіпорын­дар цифрлы форматта жұмыс істеуге көшіп, жасанды интел­лектіні меңгерген сайын ақпа­рат­тық-коммуникациялық тех­но­логиялардың алдында теңдесі жоқ зор мүмкіндіктер ашыла түседі, – деді ол.

Бұлтты сервис саласында Huawei бүгінгі таңда әлемнің 23 аймағын қамтып, 1,5 млн-нан астам әзірлеушіні қатарына тартқанын айта кету керек.

Сондай-ақ конференция­да Шэньчжэнь қаласының мэрі Чэнь Жугуй сөз сөйледі. Бұл қала бүгінгі таңда әлемнің «ақыл­­ды» орталықтарының бі­рі­­не арналу бағытында жұмыс іс­теп жатқанын айта кету керек. Кремний аңғарының баламасы ретінде Қытайда қолға алынған «Үлкен шығанақ» жобасы да осы қаланы қамтиды.

– «Үлкен шығанақ» жобасы туғызған мүмкіндіктерді Гуан­дун, Гонконг және Макаомен қатар Шэньчжэнь аймағы да барынша пайдалануға тырысады. Huawei компаниясының және басқа озық технологиялардың артықшылықтарын қолда­ну­дың, сонымен қатар «ақылды» ғима­рат­тарды салудың нәти­жесінде біздің қаламыз күннен-күнге «ақылды» болып келе жатыр. 5G технологиясы ұсынған мүм­­кіндіктерді біз барынша қол­даймыз, 5G-ді түрлі са­ла­­ларға белсенді енгіземіз, өнер­­­кәсіптік интернетті да­мы­тамыз. Сонымен қатар ша­ғын және орта бизнестегі кәсіп­орындардың цифрлы түр­ле­нуіне қолдау көрсетеміз. Біз тех­­нологиялардың өмірді жақ­сартатын, қалаларды барынша қарқынды дамытатын әлеуеті бар екеніне сенеміз, – деді ол.

Отыз жылдан астам тарихы бар Huawei ақпараттық-ком­­муникациялық технологиялар саласындағы әлемдік алпауыттардың бірі екені бел­гілі. 194 мыңнан астам қыз­­мет­­­кері бар компания әлем бо­йынша 170-тен астам елдегі 3 млрд-дан астам адамға «ақыл­ды» құрылғы мен цифр­лы ин­фра­құрылым ұсыну сынды қыз­мет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45