Аймақтар • 07 Қазан, 2020

Қазалы ауданында 8000-нан астам тұрғын табиғи газдың игілігін көреді

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Қазалы ауданының ауылдары көгілдір отынның игілігін көрмек. Ғани Мұратбаев ауылына кварталішілік газ құбырларының құрылысы жүруде. Бұл үшін облыстық бюджеттен 239,507 млн теңге қаржы бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазалы ауданында 8000-нан астам тұрғын табиғи газдың игілігін көреді

Газ желісі Әйтеке би кентіндегі үштаған жанынан бастау алады. Жобада 6,1 шақырым орта қысымды газ желісі, 12,2 шақырым төмен қысымды газ желісі, 2 газ реттегіш шкафы қаралған. Бұған қоса жаңадан салынған 30 дан астам тұрғын газ отынына қосылады.

Бас мердігері "Сапақ" ЖШС газ тарту жұмыстарына 30 адамды қамтып, тиісті жұмыстардың 70 пайызын аяқтаған.
Қазалы қаласында да газдандыру ісі қарқын алуда. Құрылыс жұмыстары 14 айға созылады. Бұл мақсатта 982,0 млн теңге қаржы қаралған. Жобада 1558 тұрғын үй табиғи газбен қамтамасыз етіліп, 8000 настам тұрғын табиғи газ отынын пайдаланатын болады.

Бүгінгі күнге газдандырудың құрылысын бастауға аудандық бюджеттен 3,7 млн теңге, облыстық бюджеттен 200,0 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары басталған.