Оқиға • 13 Қазан, 2020

«Темір адам» табылды

1011 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында Мәдениет және спорт министрлігінің археологиялық жоспарына сәйкес облыстық тарихи-өлкетану музейінің жанынан құрылған археологиялық топ Қызылқоға ауданындағы Миялы қорғандар тобына жататын 3 нысанда қазба жұмысын жүргізген болатын.Бұған облыс әкімдігі қолдау білдірді.

«Темір адам» табылды

 

Археологиялық топтың құ­рамында болған археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Қасеновтің айтуынша, қорғанның біріндегі тоналмаған қабірден темір сауытты жауынгер сүйегі та­был­ды. Ол үш метр тереңдікке жер­леніпті.

– Басынан аяғына дейін өте ерекше үлгідегі темір сауытпен жаб­дықталған адам қаңқасының ұзын­дығы – 175 см. Ал табылған қабір­дің ұзындығы – 2 метр 40 см, ені – 80 см. Сондай-ақ сүйек­пен бірге ұзындығы 1 метр болатын семсері, жебе ұштары мен қо­рам­сағы, қалқаны, ат әбзелдері, ожау секілді көптеген жәдігер табылып отыр. Антропологиялық зерттеу жұмыстары халықаралық дәрежедегі қалпына келтіруші, «Қырым аралы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Қырым Алтынбековтің басшылығымен жүргізіледі, – дейді Марат Қа­сенов.

Археологтің айтуынша, мұн­дай тарихи жәдігер өте сирек кез­деседі. Осы жәдігерді зерттеу ар­қылы ата-бабамыздың 2000 жыл бұрынғы мәдениеті, тарихы, этно­графиясы туралы мәлімет алуға бо­лады. Бұл жәдігер «темір адам» деп аталып отыр. Өйткені адам мүрдесі темір сауытпен жер­­­­лен­­гені анықталды.

1

– Осы кезге дейін Қазақстанда дәл мұндай жәдігер табылмаған еді. Ерекше үлгіде жерленгеніне қарағанда, жауынгер болуы әбден мүмкін. Бізді таңғалдырғаны – темір сауыттың ұрланбай сақ­талғаны. Мұндай дүниелердің мыңдаған жылдар бойы сақталуы – өте сирек кездесетін жағдай, – деді белгілі қалыпқа келтіруші Қырым Алтынбеков.

Оның пікіріне сүйенсек, темір сауытты адамды зерттеу жұмыс­т­ары бірнеше жылға созылуы мүм­кін. Өйткені рентген және ме­­талл іздегіш құрылғылардың көме­гі­мен жүргізілген зерттеу­лер­дің нәтижесінде алтын, кү­міс, темір, сүйектен жасалған бұйым­дардың бар екені байқалды. Ен­ді антропологиялық, ДНК зерт­теулердің қорытындысымен мүр­денің бас сүйегі мен сауытын қал­пына келтіру жоспарланып отыр.

– Сүйекті әлі тазалаймыз.­ Мұн­дағы жәдігерлердің әрқайсы­сына талдау жасалады. Әрине бұл үшін көбірек еңбек­тенуге тура келеді. Бұған дейін Қазақ­­станда темір сауыт­пен адам шықпағандығын ескерсек, мүрде толықтай қалпына кел­­тіріл­­генде, тек Атыраудың ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақ­­­танышы  болар жәдігерге ай­на­лары сөзсіз, – дейді Қырым Алтынбеков.

Облыс әкімі Махамбет Дос­мұхамбетовтің пікірінше, ел тарихында теңдесі жоқ темір сауыт­ты адам­ның сүйегіне то­лық зерттеу жүргізуге қолдау көрсетіледі. Өйт­кені осындай тарихи құнды­лықтарды зерттеу арқылы шежірелі тари­хымызға жаңа деректер қосы­луы мүмкін.

 

Атырау облысы