24-25 қазанда "Хан Шатыр" СО жанындағы алаңда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Оған "Магнум" ірі сауда желісі және ҚР Ет одағының мүшелері, сондай-ақ өңірлерден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көтерме сауда жеткізушілері қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағалар нарықтық бағадан 10-15% төмен.
Қарағанды және Ақмола облыстарының шаруа қожалықтары жылқы етін 1900 теңгеден (қазы, жаяу 2100 теңгеден) сатады және сүт өнімдерін әкеледі. Түйетауық етін Ақтөбе облысының шаруа қожалықтары ұсынатын болады. “Ет Одағынан” сиыр еті 1700 теңгеден сатылады. Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері бірінші және жоғары сұрыптағы ұн, рапс және күнбағыс майын ұсынатын болады. Балды Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының омарташылары әкеледі. Көкөніс өнімдерін: қырыққабат, сәбіз, қызылша, пиязды Ақмола облысының тауар өндірушілері сататын болады.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде өңірлерден азық-түлік өнімдері тікелей тауар өндірушілерден делдалсыз ұсынылатын болады, деп атап өтті ұйымдастырушылар. Айта кетейік, шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтеді.