Медицина • 23 Қазан, 2020

Алматы дәрігерлері ер адамның өңешінен темір қыстырғыш шығарды

247 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жақында Алматы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына екі ай бойы бронхтарында темірқысқыш жүрген науқас түсті. Ол басқа аймақтан болғандықтан, оған бірден көмек көрсетілмеген. Нәтижесінде бөтен дене бронхқа терең еніп, түйіршіктену мен ірің пайда болады, абсорбциялық пневмония басталады. Науқас өкпенің бір бөлігінен айырылып қалуы мүмкін еді, бірақ Алматы ЖШККА дәрігерлері эндоскопиялық отаның көмегімен бөтен затты шығарып алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы дәрігерлері ер адамның өңешінен темір қыстырғыш шығарды

–  Қыстырғыштың өлшемі 6 мм/5 мм, едәуір үлкен, – дейді медицина ғылымының докторы, аурухананың эндоскопия бөлімінің бронхологы Лариса Пюрова. – Эндотрахеальды түтік пен бронхоскоптың көмегімен біз қыстырғышты алып тастадық. Бұл жұмыс филигранды, отадан кейін асқынулар болмауы үшін тіндерді зақымдамау маңызды. Бар мәселе бөтен дененің тереңдеп, тіпті көрінбейтіндігінде болды.

Лариса Пюрова – Қазақстанның үздік эндоскопистерінің бірі, оның жұмыс өтілі 36 жыл. Ол бөтен заттарды алып шығаруда теңдесі жоқ маман болып саналады. Сонымен қатар ол өзінің диссертациясының, кітаптары мен жазбаларының бірбөлігін осы проблемаға арнады. Дәрігер өткен ота ауыр болғанымен, оның тәжірибесінде одан да кұрделі жағдайлар болғанын айтады.

– Мен өз өмірімде үш жүзге жуық ота жасадым, тіпті алты айлық балаларға дейін. Бәрінен бұрын, мен жеті жасар баланың бронхына өтіп кеткен инъекциялық инені қалай алыптастағаным есімде. Мен инені бүгіп, оны бір сағаттан астам уақыт бойы шығардым. Біз бронхтар мен өкпеден дәрі-дәрмектер, қаламдар, бұршақ, тіс протездерінен алынған бөлшектер, тұқымдар, жаңғақтар, тіпті қасықтың сабын шығардық, осының бәрімен науқастар тыныс алды.

Қазір ЖШККА дәрігерлері құтқарған науқас үйінде. Трахеобронхиалды ағаштың бөгде денелері жиі асфиксияға байланысты өмірге үлкен қауіп төндіреді немесе өкпеде қайтымсыз өзгерістердің одан әрі дамуымен созылмалы қабынуды тудырады.

Бөгде заттардың бронхқа өтуіне немқұрайдылық басым рөл атқарады: күтпеген жылдам тыныс, күлкі, қорқыныш, еркелік, құлау, тамақ ішіп отырып сөйлеу. 70% балалар зардап шегетін мұндай жағдайлардың алдын-алу үшін дәрігерлер тамақтану кезінде ауыз қуысында бөтен заттарға барынша мұқият болып, жұтып қоймауға кеңес береді. Жатып алып тамақ ішуге болмайды, тамақтанған кезде асықпаңыз, күлмеңіз, кенеттен қимыл жасамаңыз, жөтелмеңіз. Алғашқы көмек ретінде жедел жәрдем келгенге дейін науқасты өзіңізге арқасымен тік күйінде еңкейтіп, кеудесін сәл ұрып, тұрып қалған затты жөтелмен шығаруына көмектесу ұсынылады. Кез келген жағдайда дәрігерді шақыру керек.

 

АЛМАТЫ