Экономика • 03 Қараша, 2020

Макулатура сегментіне инвестициялық тартымдылық қажет

213 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Күні бүгінге дейін барлық  елдерге Қақстаннан барлық елдерге макулатура шығаруға екі жылға тыйым  салу туралы шешім мәселені шешпейді, деп жазады  Egemen.kz

Макулатура сегментіне инвестициялық тартымдылық қажет

Таратып айтар болсақ,  2019 жылдың наурыз айында енгізілген болатын. 2020 жылғы шілдеде макулатура жинаушылардың шағымдарына байланысты регенерациялануға тиіс қағазды, картон, макулатура мен қалдықтарды Қазақстаннан тыс жерлерге әкетуге үш айға тыйым салынған. Осы аралықта жиналған макулатура  көлемі оны  қайта өңдеушілердің мүмкіндіктерінен асып түсті де, қайта өңдеушілер мен жинаушылардың қоймаларында артық  макулатура үйіліп қалды.

"Қазақстан ораушылар  қауымдастығы" ЗТБ  басқарма төрағасы Батырбек Әубәкіров бизнеске  өкілетті органның нақты ұстанымы қажет екенін айтып отыр.  Қазір екі тарапқа да тиімді  шешім қабылдау маңызды, өйткені инвесторлар ең алдымен  ережелердің  тұрақтылығы мен нарықтың тартымдылығына назар аударады.

Енгізілген тыйымды біресе алып  тастап, сосын қайта енгізіп, артынша шекара шикізатты республика аумағынан шығару үшін толықтай ашылып жататын болса, бұл жәйт  инвестициялық климатқа теріс әсер ететін болады.

–Шешім  ойластырылып, түпкілікті қабылдануы шарт. Оңтайлы шешімдердің бірі- квоталау механизмі болуы мүмкін, бұл механизм   артық шикізаттың шығарылу көлемін  реттеуге мүмкіндік береді, дейді Батырбек Әубәкіров.

Енді нарықтың осы сегментінің өкілдері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, сауда және интеграция министрлігі, "Атамекен" ҰКП және салалық қауымдастықтар өкілдерінен вице-премьер Р.В. Склярдың төрағалығымен жұмыс тобын құруды және нарыққа қатысушылармен бірге квоталау  механизмін дайындап шығуды ұсынып отыр. 

Қазақстанның ораушылар қауымдастығының болжамы бойынша, орама өнімдері өндірісінің өсімі 2020 жылы 20% аспақ  (80 млрд теңгеге  дейін).

Қайта өңдеуші кәсіпорындар өндірістік қуаттылықтарын кеңейтуде, осы жылдың 4-тоқсанында және 2021 жылдың бірінші тоқсанында төрт  жаңа желіні  іске қоспақ.

– Мысалы, регенерациялануға жататын  қағазды, картонды, макулатураны қайта өңдеуді "Kagazy Recycling" ЖШС айына 380 тоннаға дейін арттырмақ, "Бумпром" ЖШС айына 1,2 мың тоннаға дейін, "Интер Мульти Сервис" ЖШС айына 3 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.Ал "Goldman Astana"  ЖШС және "ECO Pack Astana" ЖШС бұл көрсеткішті айына 668 тоннаға дейін жеткізбек. Кәсіпорындардың  бағалауына қарағанда,  қуаттылықтарды көбейту макулатураға деген сұранысты  айына қосымша 6 мың  тоннаға дейін арттырмақ, дейді Б. Әубәкіров.

Сондай-ақ, макулатураны қайта өңдеу өндірісі артса, нарықта шикізатты жинаушы жаңа ұйымдар пайда болады.

Алдын ала деректерге қарағанда, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте қағаз және қағаз өнімдері өндірісінің  көлемі 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 15,1% ұлғайып, биылғы жылы 59,9 млрд теңгеге жеткен.

Биылғы  жылы  тіпті пандемия жағдайында да, қағаз және қағаз өнімдерін өндіруші саланың  өнімдеріне  сұраныстың болуына байланысты  зат түріндегі  көрсеткіштің артқандығы байқалады. Мысалы, өндірісі артқан салалар:

- гофрленген қағаздан немесе картоннан жасалған қораптар, жәшіктер мен сөмкелер-19,2 %;

- дәретхана қағазы-16,7%;

- қағаз массасынан қолға арналған сүлгі, қағаз 6,6%.

Үстіміздегі  жылы қағаз және қағаз өнімдерін өндіруге инвестиция жұмсалмады,бұрындары инвестиция құйылған   жобалар жүзеге асырылды. Сол себепті  2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі инвестициялар көлемі 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 50,4%  азайған.

Қағаз және қағаз өнімдері экспортының көлемі 2020 жылғы қаңтар-тамызда 29,4 млн АҚШ долларын құрады  немесе 2019 жылғы қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 3,4% өсті.

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру бойынша 2020 жылдың 8 айындағы  салық аударымдары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9% өскен.

Анықтама үшін:

- Қазақстан ораушылар  қауымдастығына кіретін кәсіпорындар  тыйым салынған  кезеңде  130-дан астам жұмыс орнын  құрды (бұл кәсіпорындардағы қызметкерлердің жалпы саны 1406 адамды құрайды);

- "БумПром" ЖШС  Өзбекстанға 1,6 млн   АҚШ доллары сомасына гофратараның тұрақты экспортын жолға қойды ;

- "БумПром" және" ИнтерМультиСервис " кәсіпорындары 2020 жылы қағаз шығаратын  машиналарды (БДМ) пайдалануға енгізіп отыр);

- "Kagazy Recycling" ЖШС жұмыртқа лотоктарын өндіретін  желіні іске қосуды жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі 200 млн теңге. Өндірістің  қуаттылығы айына   4 млн дана.

- Қазақстанда жылына шамамен  200 мың тонна макулатура қайта өңделеді. Бұл салада толық циклді 10 кәсіпорын жұмыс істейді.