Экономика • 07 Қараша, 2020

ЕЭК ортақ айырбас кеңістігін қалыптастырудың жол картасын мақұлдады

215 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл фактор ЕАЭО жалпы биржалық кеңістігі келісілген процедуралар мен технологиялар негізінде бір-біріне біріктірілген Одақ елдерінің ұйымдасқан нарықтарындағы бағалы қағаздармен және қаржы құралдарымен биржалық сауданың өзара байланысты жүйесі ретінде қалыптасады және ЕАЭО жалпы қаржы нарығының дамуына ықпал етеді» деп жазады Egemen.kz ұйымның баспасөз қызметі таратқан деректерге сілтеме жасап.

ЕЭК ортақ айырбас кеңістігін қалыптастырудың жол картасын мақұлдады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Тимур  Жақсылықов  ЕАЭО аясындағы жалпы айырбас кеңістігі капиталдың еркін қозғалысының негізін құруға, қаржыландыру сапасын жақсартуға, халықтың инвестициялық және жинақтау мүмкіндіктерін кеңейтуге және трансшекаралық операциялар механизмдерін құруға мүмкіндік беретінін айтты.

–Жол картасын іске асыру нәтижесінде мүше мемлекеттердің эмитенттерінің трансшекаралық белсенділігін арттыруға, биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың өзара іс-қимылын кеңейтуге және ЕАЭО-дағы қаржы нарықтарына инвесторлардың сенімін арттыруға ынталандыру болады, дейді ЕЭК министрі Тимур Жақсылықов.

Жол картасы бірқатар халықаралық шарттарды, атап айтқанда, бір мүше мемлекеттің брокерлері мен дилерлерін басқа мүше мемлекеттердің биржаларының ұйымдастырылған сауда-саттығына қатысуға жіберу, мүше мемлекеттердің биржаларына бағалы қағаздарды өзара жіберуді қамтамасыз ету, бірыңғай форматтар мен тарату арналарын қолдана отырып электрондық өзара іс-қимыл туралы бірқатар келісімдерді әзірлеуді көздейді.

Ақпарат, корпоративті және қаржылық ақпараттарды ашудың бірыңғай жүйесін құру, бағалы қағаздар нарығында теріс пайдаланушылыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін дамыту және инвесторлардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ интеграцияланған есеп айырысу-депозитарлық кластерін және клиринг жүйесін қалыптастыруды да бұл құжат басым бағыт ретінде қарастырып отыр.

Сондай-ақ  халықаралық шарттарды, атап айтқанда, бір мүше мемлекеттің брокерлері мен дилерлерін басқа мүше мемлекеттердің биржаларының ұйымдастырылған сауда-саттығына қатысуға жіберу, мүше мемлекеттердің биржаларына бағалы қағаздарды өзара жіберуді қамтамасыз ету, бірыңғай форматтар мен тарату арналарын қолдана отырып электрондық өзара іс-қимыл туралы бірқатар келісімдерді әзірлеу де басым міндеттер ретінде қарастырылып отыр.

Ақпарат, корпоративті және қаржылық ақпараттарды ашудың бірыңғай жүйесін құру, бағалы қағаздар нарығында теріс пайдаланушылыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін дамыту және инвесторлардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ интеграцияланған есеп айырысу-депозитарлық кластерін және клиринг жүйесін қалыптастырға мүмкіндік береді.