Экология • 17 Қараша, 2020

Ақтаулық қоқиқаздарды видеоға түсіргені үшін жауапқа тартылуы мүмкін

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоқиқаздарды видеоға түсірген ақтаулыққа айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтаулық қоқиқаздарды видеоға түсіргені үшін жауапқа тартылуы мүмкін

"Маған әлі айыппұл салынбады, хаттама толтырайын деп жатыр. Заңды бұзған шығармын мүмкін, бірақ олар не үшін жауапқа тартқысы келетінін түсінбеймін. Олар маған дүйсенбіде қоңырау шалып, неге сол жерде видео түсіргенімді сұрады. Кім рұқсат берді деп сұрады. Қандай рұқсат туралы айтып жатқанын түсінбедім. Олар менен неге қорық аймағында түсіріп жатырсыз деп сұрады. Бұл үшін жауапкершілікке тартыласыз деді", дейді Азамат Сәрсенбаев.

Сондай-ақ ол қорық аймағында видео түсіруге тыйым салынғанын білмейтінін алға тартты.

"Әрине, мен қоқиқаздарды мазалағанымды мойындаймын, қандай да бір құқықбұзушылық бар шығар. (...) Бірақ мен бұл баптың нені білдіретінін түсінбеймін. Дронмен тыйым салына ма?", дейді ол.

Бейнеролик авторының айтуынша, хаттама Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 378-бабы ("Өсімдіктер өсетін жерлер мен жануарлардың тіршілік ету ортасын қорғау қағидаларын, Зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз көшіру, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру") бойынша толтырылмақ.

Азамат Сәрсенбаев айыппұл салынса, төлейтінін айтады. Бірақ ол дұрыс шешім шықпаса, дауласатынын жеткізді.