Петропавл қаласындағы №1 жалпы білім беретін IT-лицейдің 2-сынып ұстазынан коронавирус инфекциясы табылды.
Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, екі кезекші сыныптың 26 оқушысы 20 қарашадан бастап қашықтан оқи бастады.
Бүгіннен бастап Петропавлдағы №5 орта мектептің де екі кезекші сыныбы қашықтан оқу форматына көшірілді.
Естеріңізде болса, бұған дейін қыркүйек айынан бастап 56 мектеп оқушысынан КВИ анықталды.