Әлем • 27 Қараша, 2020

Ресейде тарих мұғалімі оқушыларға оқ атқан

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейде тарих пәнінің мұғалімі травматикалық қарудан оқушыларға оқ атты, деп хабарлайды Egemen.kz

Ресейде тарих мұғалімі оқушыларға оқ атқан

Жергілікті РЕН ТВ арнасы хабарлағандай, Ресей елінің оңтүстігіндегі Нальчик қаласында №2  лицейде тарих пәнінің мұғалімі травматикалық қарудан оқушыларға оқ атқан. Сөйтіп мұғалім өзіне бас салған үш оқушыға қарсы шара қолданбақшы болған.

Жанжал тоғызыншы сынып оқушысы мен мұғалімнің арасында туындаған. Осылайша оқушы мұғалімнің өзіне тиісе беретіне және өмірін бұзып жатқанына наразылығын білдірген. "Төбелеске" ол екі досын шақырған. Олар мұғалімді ұра бастағанда, ол ауаға оқ атқан. Содан соң оқушылар қашып кеткен.