Технология • 22 Желтоқсан, 2020

eGov mobile-ға кіру оңтайландырылды

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин eGov mobile-ға кірудің жаңартылған және жеңілдетілген жолын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz

eGov mobile-ға кіру оңтайландырылды

"Бүгін, мен уәде еткен eGov mobile-ға кірудің жаңартылған және жеңілдетілген нұсқамасын көрсетемін. Бұрын Egov порталына тіркелу ыңғайсыз әрі қиын процестерден өту арқылы тура бақсылық етумен іспеттес екенін айтқан едім. Қазір, қуанышымызға орай бұл биометрия арқылы қолжетімді", деп жазды министр Facebook парақшасында. Министр өз мысалы бойынша тіркеудің қаншалықты оңай екенін көрсетті.

"Осы іске атсалысқан әріптестеріме және кері байланыс білдірген барлық белсенді азаматтарға алғыс айтқым келеді", деді ол.