Қазақстан • 22 Желтоқсан, 2020

Марат Сыздықов ТМД Байқаушылар миссиясының басшысын қабылдады

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов ТМД Атқарушы комитеті төрағасының Бірінші орынбасары Виктор Гуминскийді қабылдады. Кездесудің тақырыбы 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға байланысты Нұр-Сұлтанда ТМД Халықаралық байқаушылар миссиясы штабының ашылуы болды.

Марат Сыздықов ТМД Байқаушылар миссиясының басшысын қабылдады

Сұхбат барысында М. Сыздықов ТМД Атқарушы комитетінің өкілін Мәжіліс депутаттарының ашық сайлауын өткізу Қазақстанның одан әрі демократиялық дамуы үшін маңыздылығы туралы хабардар етті. Биыл елімізде көппартиялылық пен саяси бәсекелестікті дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған теңдессіз саяси реформалар пакеті іске асырылды.

Өз кезегінде В. Гуминский бақылаушылардың жұмысы үшін жақсы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді. Сұхбаттасушы ТМД миссиясы өз функцияларын объективті және ашық түрде орындауға дайын екенін айтты.