22 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысында жоғалып кеткен әйел табылды

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әйел табылды, деп жазады Egemen.kz. Бұл туралы облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысында жоғалып кеткен әйел табылды

Полицияның хабарлауынша, Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын жұбайы кешкі сағат 19:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтып, арызданған.

Осылайша әйелімен еш байланыса алмай, хабар-ошарсыз қалған ер адам бірден полицейлердің көмегіне жүгінген.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде  полицейлер  тәулікке жетпей  әйелді  құрбысының  үйінен тапты. 

Тексеру барысында отбасылық кикілжіңнен соң әйелі күйеуіне ренжіп, ашумен құрбысының үйіне кетіп қалғаны анықталды. Қазіргі таңда ерлі-зайыптыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әйел аман-есен үйіне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар

359 шетелдік байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 23:50