Өнер • 23 Желтоқсан, 2020

«Самғаның» бишілері шетелде топ жарды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Самға» би тобы Лондонда өткен халықаралық шығармашылық фестивалінде 1-орын иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Самғаның» бишілері шетелде топ жарды

Қашықтан ұйымдастырылған фестивальде көптеген мемлекеттің өкілдерімен бақ сынасқан жас зияткерлер қазақ биін орындап, үздік деп танылды.

11-сынып оқушысы Баян Сарибаева жеке орындауда ерекшеленіп, Польшаның  «DIGI-TALENTY. JESIEN-2020» халықаралық фестивалінде «Қыз қиялы» атты  би қойылымымен бірінші дәрежелі диплом иегері атанды.   

Айта кетейік,  «Самға» би тобы Зияткерлік мектеп жанынан құрылған. Бүгінде ұжымның 50-ден астам белсенді  мүшелері  әртүрлі жанрдағы биді меңгеріп, ұлттық өнер насихатына үлестерін қосып жүр.