20 Сәуір, 2010

МАЛ ШЫҒЫНЫНА ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕ БЕРІЛМЕК

580 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Өткен жұма, сенбі күндері облыс әкімі Бердібек Сапар­баев Елбасы тапсыр­ма­сымен ар­найы келген Ауыл ша­руа­шы­­лығы министрі Ақылбек Күрішбаев және әр саладағы мамандармен бірге су тас­қы­нынан зардап шек­кен тұр­ғын­дармен кездесу үшін об­лыс­тың Зай­сан, Тарба­ғатай, Үр­жар ауда­н­да­рын аралады. Шы­ғыс­тың бірнеше аудан­дарында қар­дың күрт еріп, елді ме­кен­дерінде су тасқыны сал­да­ры­нан 500-ден астам тұрғын үй­дің қирап, жарам­сыз болғаны белгілі. Ос­ынша үйді күрделі жөндеу қажет. Ауыл шаруа­шы­лығы министрі А. Кү­ріш­баевтың не­­гізгі міндеті Үкі­мет та­рапынан мал ш­ығы­нына өтемақы төлеу жө­ніндегі ой­ларын тұрғындарға жеткізу бо­латын. Ең алдымен облыс әкі­мі мен министр Зай­сан ауда­­нының Үйдене су қойма­сы­­мен танысты. Атал­мыш қой­ма осыдан 44 жыл бұ­рын іс­ке қо­сылған. 13 мың гектар жер­ді суарып, 6351 мың ки­ловатт-сағат электр қуатын өндіреді екен. Қой­маға  75,5 млн. текше метр су сыяды. Үржар ауданының Егінсу су қоймасында да қалыпты жағдай. Бұл гидроқұрылым егістік алқаптары мен жайы­лым­дықтарды суару үшін 1986 жылы пайда­лануға берілген. –Қазір шығыста 89 су қой­масы бар. Иесіз жатқан су қой­­малары жоқ. Біз бүгін Үй­дене және Үржар ауда­нын­дағы  су қоймаларын көрдік. Ондағы су мөл­ше­рі қалыпты, алаң­дау­ға негіз жоқ. Атал­мыш ме­ке­мелерді жөндеуге ел бюд­же­тінен 37 мил­лион теңге келіп түсті. Ал шығын бол­ған мал басын орнына кел­тіру үшін Үкімет үлкен жеңілдік жасап отыр, – деді министр Тар­­ба­ғатай ауда­ны­ның Көк­жыра ауылында тұрғын­дармен кез­десуде. Тасқын салдарынан облыс­та 2,9 мың ірі қара, 20 мыңнан ас­там қой-ешкі, 700-ге жуық жылқы арам өлді. Осындай жағдайда ең алдымен мемлекет тарапынан көмек болуы заңды құбылыс. Әу баста зардап шек­кендер өтем­ақы беруді талап еткені бел­гілі. Алайда заң тұр­ғы­сынан келгенде мұндай мүм­кіншілік жоқ. Сон­дық­тан ха­лыққа көмек қы­лу­дың басқа жолы таң­дал­ды. Бұл – нес­ие­леу жолы.  Өлген мал үшін Ауыл ша­руа­шылығы ми­нистрінің бұй­рығына сәйкес мемлекет тара­пы­нан “ҚазАгро” арқылы 2 пайыз­дық жылдық үстеме ақысы бар 1,4 млн. теңге көле­мін­де несие беріледі. Бірден айта кету керек, не­сиелеу шарт­та­ры ауылдықтар үшін өте ың­ғайлы. Облыстық әкімдік не­месе әлеуметтік-кә­сіпкерлік кор­по­ра­ция жа­ны­нан шағын не­сие ұйы­мы құрылады. Не­­сиелеуге ар­нал­ған қаржыны осы ұйым бе­реді. Жалпы, несие 7%-бен беріледі. Алайда оның 5 %-ын облыс­тық бюджет өтейтін болады. Сонда несие алу­шылардың еншісіне тек 2% қалады. Оның үстіне алғашқы жылы “нөлдік” пайыз жұмыс істейді. Яғни, ауыл азаматтары ал­­ған не­сиелерінің тө­лемін екін­ші жылдан бастап қана төлейді. Несиеге берілген қаржыға орта есеппен 13 қой, 10 сиыр және 3 жылқы сатып алуға бо­­­лады. Алайда, әркімнің өз қалауы біледі. Не­сиелер ма­мыр­дың 10-ынан бастап бе­рі­леді. “Өлігін әкелсең, ақша ала­сың,” деген әңгіме бол­май­ды. Несие алуға ауыл­дық әкім­діктегі шаруашылық кі­тап­тағы тіркеме жазу негіз бо­лады. Өз кезегінде берілген қар­жы­ны тиімді пайдалану үшін облыс әкімі Б. Сапарбаев не­сие­ні мал­мен беру керек деген ұсыныс жа­сады. Бұл бастаманы ауыл тұр­ғындары да қолдады. Әйтеуір, зардап шеккен халық несиенің шар­ты­нан қорық­па­ды. Ке­рі­сін­ше, ол ыңғайлы көрінді. Енді не­сие беру­мен қатар, өлген мал­дар­дың өлік­терін за­лалсыздандыру жұ­мыс­тары да мықтап қолға алынды. Облыс басшылығы тасқын шайып кеткен Көкжыра және Жантікей ауыл­да­ры­ның кө­ше­леріне тас жол төсеп, жа­ры­қ­­т­ан­ды­рыл­ған үлгілі ауыл­дар салуды жос­парлап отыр. Қазір жаңа үй­лер­дің ор­на­ласу жеріне қатысты мәселе ше­шіліп жатыр. Об­лы­стық ко­мис­­сия­ның төрағасы Ис­лам Әбі­шев­тің басқа­руы­мен қа­лалық әкім­діктің сәулет, жер қаты­нас­тары бө­лім­дерді жаңа ауыл­дағы тұрғын үй­лер­дің, мектеп, басқа да ғимарат­тар­дың жо­ба­ларын жасап жатыр. Тағы бір ма­ңыз­ды жәйт, зар­дап шеккен аза­маттар “Қаз­­пошта” арқылы мате­риал­­дық көмек ала бас­тады, сон­дай-ақ олар­ға тауар­лы-ма­те­риал­дық дүниелер де берілуде. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Шығыс Қазақстан облысы. Суреттерді түсірген автор.