«Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 желтоқсандағы №71 қаулысына сәйкес, оқушылар сабақты қашықтан оқиды. Бұл өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болып отыр» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын Атырау облысының бас санитар дәрігерінің №71 қаулысында: «Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін» делінген еді.