20 Сәуір, 2010

ЗАМАН СҰРАНЫСЫНА САЙ ОҚУ ОРНЫ

955 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін
“Астананың жаңа университеті” АҚ президенті Аслан Саринжиповпен әңгіме – Аслан Бөкенұлы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына ар­наған Жолдауында ерекше мән берген жаңа халық­аралық университет туралы білгісі келген оқырман сауалдары редакция поштасына аз келіп жатқан жоқ. Ендеше, ел тарихында елеулі орын алатын білім ордасы туралы не айта аласыз? – Иә, Елбасы өзінің биылғы Жол­дауында Астанада халықаралық деңгейдегі университетті құру туралы мәселеге ерекше мән бергені рас. Қа­зақ­станда осындай уни­вер­ситетті ашу еліміз­дің Президентінің идея­сы болып табы­лады. Осы университеттің негіз­гі міндеті – жоғары білімнің жаңа мо­делін құру және әлемдік ғы­лы­ми кеңіс­тікте қазақстандық ғылы­ми құры­лым­­дарды ин­те­грациялау бойын­ша жүйелі жұ­мыс жүргізу. Бұл қазақстандық білім мен ғы­лым жүйесінің ең үздік үлгілерін әлемдік дең­гей­ге үйлесімді түрде сәйкес­тіру. Бұл жоба тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ Орталық Азия аймақтары үшін де алар орны ерекше болып табылады. Өйт­кені, халықаралық жоғары оқу орын­дары­мен тығыз ынты­мақ­тастықта жұмыс жасай­тын университеттер серік­тес­ті­гінің осындай формасы бұрын болған емес. Оқу орнының тұжы­рым­дамасы әлемдік практи­ка негізі ескеріле отырып әзір­лен­ді. Оның моделі әлем­нің ең үздік зерттеу уни­верси­теттерінің құрылы­мы­на сай келеді. Мұнда бөлімшелер­дің автономды­ғы мен мо­дуль­дігі бірінші кезекте қарастырылатын болады. Жаңа университет әлемдік стан­дарт­тарға сәй­кес келетін жаңа инфра­құры­лым­мен, соның ішінде академиялық, әкім­шілік және әлеуметтік объекті­лер­мен ерекшеленді. Біздің мақсатымыз – Президент тапсырмасына орай, Еуразия континен­тін­де ең үздік университет құру. Бұл үшін Астананың жаңа білім ордасы әлемнің ең үздік университеттерімен тығыз серіктестік қатынас­тар­ды ор­нату бойынша жұмыстар жүр­гізіп жатыр, бұл бака­лавриат, магистра­тура мен PhD оқу бағдар­ламаларын әзір­леу, ғы­лым және білім үдеріс­терін басқару бойын­ша олармен жинақталған тәжіри­бе­­лер­дің нәтижелерін пайдала­ну­ға мүкіндік береді. – Университет қандай ма­ман­дықтар бойынша кадрлар дайын­дайды? Отанымыз­дағы басқа оқу орындарынан бұл универси­тет­тің айырмашылығы қандай? Бір жылда қанша студент қабылданады? Қабылдау мерзімі қай кезеңге жоспарланып отыр? Қан­дай пәндер­ден емтихан тапсырылады? “Алтын белгі”, отандық, халық­ара­лық олимпиа­далардың жеңімпаздарына жеңіл­дік­тер бар ма, әлде олардың да емтихан тап­сыру­­лары керек пе? Жалпы сынақ тест арқылы өте ме, болмаса басқа жолы қарастырылып жатыр ма? – Академиялық бағдарламалардың мазмұны мен факультеттердің мамандануы шетелдік серіктестерімізбен бірге әзірленеді. Жалпы, бакалавриат бағдарламасы бойынша инженерия, медицина, бизнес, жаратылыс­тану және әлеуметтік ғылымдар мектептерін ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, бұдан әрі магистрлік және PhD бағдарла­малары бойынша бизнес және мемлекеттік саясат мектептері ашылатын болады. Біздің университетіміздің негізгі ерек­шелік­терінің бірі – бұл халықаралық деңгей­дегі университетті құру моделі ретінде біздің серіктестік моделін таңдап алуымыз. Бұл ұлт­тық білім жүйесінің барлық артық­­шылықтары мен ең үздік шетелдік практи­каны ескеретін университеттің серіктестері – жоғары оқу орын­дарымен бірлескен білім бағдарлама­ларын құру туралы біздің бастап­қы ойымызға тікелей байланысты болып отыр. Осындай қарым-қатынастар отандық жоғары білімді модерниза­циялаудың жаңа сатысы болып табылады, бұл жаңадан құрыл­ған университетке оқу үдерісін ұйым­дас­тырудың халықаралық ерекшеліктері мен ұлттық ерекшеліктерін жинақтаған өзіндік брендті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоба бойынша университет студент­тері­нің жал­пы саны 4 000 адамды құрайтын бола­ды. Ағым­­дағы жылда университеттің дайын­дық (Foundatіon) бағдарламасы бойын­ша студент­тер­ді қабылдау жүргізілмек. Оқу үдерісі тек ағыл­шын тілінде жүргізілетінін назарға сала кетсем деймін. Оқуға түсу кезінде қойылатын талап­тарды қабылдау комиссиясы белгілейді. Студент­тер­ді іріктеу кезінде негізгі ұста­нымдар ретінде TOEFL және ІELTS емти­хан­дарының, Лон­дон­ның Универси­теттік колледжі­мен әзір­лен­ген қабілеттерді айқындау тесті­лерінің нәти­же­лері, халықара­лық олимпиа­да­ларға қаты­суы және басқа марапаттары мен жетістіктері ескеріледі. Қазір Қазақстанның барлық облыс орта­лық­тарында университеттің тұсаукесер­лері өт­кізіліп жатыр. АЖУ, USL мен Британ кеңесі­нің өкілдері мектеп түлектерін уни­вер­ситетке түсу ережелерімен және еліміздің әр түрлі аймақтарында ағымдағы жылдың сәуір – тамыз айларында өткізілетін іріктеу тур­лары­на қатысудың шарттарымен таныстыруда. Іріктеудің бірінші кезеңі ағылшын тілін білу деңгейін тексеретін Brіtіsh Councіl Englіsh Profіcіency Test (BCEPT) тестін тап­сыруды қарас­тырады. Бұл үшін ағымдағы жылдың сәуір – мамыр айларында BCEPT тес­тін жүргізу үшін Британ кеңесінің өкіл­дері­нен құрылған сараптама тобы Қазақ­стан­ның барлық аймақтарына шығатын болады. Бірінші іріктеу турына қатысу үшін, сон­дай-ақ университетке түсудің ережелері мен шарттары www.nu.edu.kz. сайтта көрсетілген. Аталған тестілерді ойдағыдай тапсырған талапкерлер іріктеудің 2 кезеңіне шақыры­ла­ды. Олар ІELTS тесті мен Subject Entrance Test тестілерін – USL-мен өткізілетін пән­дер бойынша оқуға түсу емтихандарына қатысады. Өздігінен тестілерді тапсырған талапкер­лер және ағылшын тілінің тиісті деңгейін растайтын: TOEFL (қағаз бетінде РВТ неме­се onlіne режимінде) немесе ІELTS ха­лық­аралық тестілердің нәтижелері көрсетіл­ген ресми сертификаттары бар талапкерлер USL тестілерін тапсыруға шақырылады. Емтихандарды тапсыру барлығына, соның ішінде “Алтын белгі” иегерлері үшін де, отан­дық және халықаралық олимпиа­далардың жеңімпаз­дары үшін де міндетті екенін атап өткім келеді. – Университетке студенттерді қабылдау тәртібі туралы айта кетсеңіз. Бұған қоса та­лап­керлер қандай құжаттарды әзірлеуі керек? Университет талапкерлері іріктеу туры­ның аталған кезеңдерінен өткен соң, Foundatіon бағдарламасы ресми құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың маусым – шілде айларында жүргізілетін болады. Foundatіon бағдарламасы негізінде оқуға құ­жат­тарды тапсыру үшін талапкерлер төмен­дегі құжаттарды: орта мектепті бітір­гені туралы ат­тестаттың немесе техникалық кәсіби білім, жо­ғары білім туралы диплом­ның, ІВ (Іnter­natіo­nal Baccalaureate) дип­ломының, сондай-ақ “Алтын белгі” серти­фикатының, респуб­ли­к­алық және халықара­лық олимпиа­да­лары­ның және орта білім пәндері бойынша ғылы­ми жарыстардың І, ІІ, және ІІІ орын диплом­дарының түпнұс­қасын немесе нота­риал­дық түрде куәлан­дырылған көшірмелерін тапсыруы керек. Жаңа университеттің қабылдау комис­сия­сы тест нәтижелерін және талап етілген құ­жат­­­тарды қарап шыққан соң, қабылдау ереже­лері мен ұстанымдарына сәйкес әрбір талапкердің өтінішін қарап шешім қабыл­­дайтын болады. – Университетке түсер алдында талап­кер­лер дайындық бағдарламасынан өтетін көрінеді. Бұл бағдарлама туралы толық айтып бер­сеңіз. Жалпы оқу гранттары кімдерге бері­леді? Грантқа ие бола алмағандар ақылы оқи ма? Ақылы оқитын болса, төлейтін қаржының көлемі қандай? Кейбір ақпарат құралдарында оқу төлемі туралы әралуан мәліметтер кездесіп қалады. Қомақты қаржы­ны дарынды балалардың, әсіресе, ауылдық жерде тұратын қандастарымыздың қалтасы көтере ме? – Foundatіon дайындық бағдарламасы бакалавриаттың бірінші базалық курсын білдіреді, бұл жерде студенттер профильді пән­дер бойынша базалық білім, универ­си­теттің білім беру жүйесі және академиялық мәдениеті туралы ақпарат алады. Өздерінің коммуникациялық дағдыларын дамытады, ағылшын тілінен білім жетілдіреді. Мұндай игілікті іске шетелдік жоғары оқу орны – университеттің серіктесі ретінде Лондонның университеттік колледжі (USL) қатыстырылады. Ол Tіmes Hіgher Educatіon газетінің баға беруі бойынша әлемнің ең үздік университеттерінің тізімінде 4 орында тұр. Университетте оқу ақылы негізде жүргі­зіледі. Бұл ретте оқу төлемі серіктес – уни­вер­­ситеттің қоятын талабына сәйкес болады және тиісті жоғары оқу орын­дарын­дағы осыған ұқсас баламаларға сәйкестен­діріледі. Оқу төлеміне оқу шығындары, университет­тің ғылыми-техникалық жабдықталуына жұмсалатын қаржы, профессор-оқытушылар мен әкімшілік- басқаруға төленетін еңбек ақы стипендия қоры жатады. Сонымен қатар, оқуға түсу емтихан­дары­ның нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған талапкерлердің мемлекеттік оқу грант­тарын алуға мүмкіндіктері бар. Бұл, әри­не, универси­тетте тегін оқуға мүмкіндік беру деген сөз. Күні кеше ғана 500 грант бөлінгені соған дәлел. Сондай-ақ студенттерге арнайы қаржы­лық көмек көрсету жүйесі қарастырылып отыр. Қа­зір­гі таңда оның кіріс көзі, мөлшері тура­лы мә­се­­лелер шешілу үстінде. Бұл ретте студент­тер­ге қаржылық көмек көрсету туралы шешімді қа­был­дауда олардың қабілеттері мен талант­тары бірінші кезекте ескерілетінін атап өткім келеді. Сонымен қатар, заманға сай салынып жат­қан жатаханаларда білім ордасының бар­лық студенттерінің тұруына мүмкіндік бар. Грант иегер­лері жатақханаларда тегін тұраты­нын айта кетуге болады. Бір сөзбен айтқанда, жастарға әлемдік деңгейде жағдай жасалады. – Сабақ ағылшын тілінде жүргізілетіні белгі­лі болды. Ал бұл тілді білмегендер, оқысақ деп талаптанған талапкерлерге қандай мүмкін­діктер бар? – Иә, университеттегі оқу үдерісі шетел­дік жоғары оқу орындарымен, яғни серіктес­тер талабы қамтамасыз етілетіндіктен сабақ ағыл­шын тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар, USL-ке сәйкес таңдалған арнайы пәндер бойын­ша үздік академиялық көрсеткіштерге ие болған, бірақ ағылшын тілін жеткілікті деңгейде білмей­тін (ІELTS көрсеткіші 4,0 төмен емес) талап­кер­лерге ағылшын тілінің Englіsh for Academіc Purposes жеделдетіп оқыту курсынан өту мүмкіндігі беріледі. Кейіннен университетке оқуға түсуге тың­дау­шыларды дайындау бойынша арнайы курс­тар ашылатын болады. Онда ағылшын тілін терең­дете оқытып, тестке дайындау көзделген. – Университеттің профессор-оқыту­шы­лар құрамы қалай жасақталып жатыр? Сіздер­де эндаумент қоры бар көрінеді. Бұл қандай қор, ол немен айналысады? – Профессор-оқытушы құрамын қа­был­­­дау талаптары университет – серіктес­пен анық­­талатын болады. Бекітілген шарт талап­тары­на сәйкес Ұлыбританиядан 50 оқыту­шы келіп сабақ береді. Сондай-ақ уни­верситетке ең үздік ұлттық зерттеушілер шақы­­рылатын болады. Бұл оқу сапасының артуына мүмкіндік береді. Мақсатты капитал қорын (эндаумент қо­рын) құруға қатысты айтар болсақ, ол уни­вер­си­теттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақ­сатында құрылып, мемлекеттік, сондай-ақ жеке құрылымдардың есебінен қаржылан­ды­рылады. Қордың негізгі міндеті – универ­ситет­тің акаде­миялық, ғылыми және өзге де бағдар­ламаларын қаржымен қамтамасыз ету. Қордың қаражаты арнайы активтерде жинақ­талады. Олардан түскен кіріс университеттің ғылым, бі­лім бағдарла­маларын дамытуға және студент­терге арнайы стипендияларды беруге пайдаланылады. – Университет әлемдегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қаты­нас жасайтыны мәлім, сондай оқу орындарын нақты атай кетсеңіз. – Жаңа халықаралық университеттің мақ­саты – елдің жаңа кәсіби қызметкерлерін даярлауға өз үлесін қосу, жастарға халықара­лық стандарттарға сай білім беру. Сол арқылы Қа­зақ­станға әлемнің үздік жоғары оқу орын­дарынан шақырылатын жоғары дәрежелі про­фес­сорлардың дәрістерін талант­ты жастары­мыздың тыңдауына мүмкіндік беру болып табылады. Осы мақсатты іске асыру үшін біз жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен белсенді келіссөз жүргізіп жатырмыз. Өткен жылдың аяғында және осы жылдың басында университет делегациясы АҚШ, Ұлыбритания және Жапонияның жоғары оқу орындарына іссапармен барып келді. Осы кездесулердің барысында жеткен келісімдер өзара мүдделі салаларда шетелдік серіктестіктермен табысты ынтымақтасуға негіз болып табылады. Жалпы, университетті дамыту стратегия­сы – әлемнің 30 үздік университетінің қатарына кіретін жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Бүгінгі күні біз университет мектептерінің (факультеттерінің) және ғылыми орталық­тары­ның тұжырымдамаларын әзірлеу мәселе­сін әлемнің жетекші университеттері­мен бе­кіт­тік. Атап айтқанда жасалған ондай келісімдер: UCL, Pіttsburgh, Carnegіe Mellon, Wіsconsіn-Madіson, Duke, Harvard Medіcal, т.б. Осы келісімдер келешекте ұзақ мерзімді байланыс­қа негіз болады деген сенімдеміз. – Редакцияға хабарласқан талапкерлер елімізде жоғары оқу орындарын аяқтағаннан кейін сіз басқарып отырған университетте екінші мамандық алуға бола ма, ондай мүмкін­дік бар болса қабылдау қалай жүреді, қандай мамандықтар бойынша оқи аламыз деген сұрақтарды алға тартып жатыр. Сіз бұл туралы не айта аласыз? – Жоғарыда да аңғартып өттім. Білім алуды қалағандардың бәрі, олардың акаде­мия­лық көрсеткіштері шетелдік жоғары оқу орындары – серіктестер белгілеген қабылдау талаптарына сәйкес болса, университетте екінші мамандық алуға мүмкіндіктері бар. 2012 жылдан бастап университетте магистрлік және PhD бағдарламалар бойын­ша бизнес мек­тебі және мемлекеттік саясат мектебі ашыла­ды. Осының барысында акаде­миялық бағдарла­ма­лар және факультеттердегі мамандықтар тізбесі ше­телдік серіктестермен тиісті келісімдерді бекіт­кеннен кейін әзірленетінін де айта кетсем деймін. – Аслан Бөкенұлы, Елбасы Жолдауында университет аясында 3 ғылыми орталық ашы­латыны туралы айтыл­ған еді. Сол орталықтарда зерт­­­теу жұмыстарымен өз Отаны­мыздың ға­лым­дары айналыса ма, әлде шетел­дік оқымыстылар тартыла ма? – Сұрақ орынды қо­йы­­­лып отыр. Прези­дент Н.Ә.Н­а­зарбаев өз Жол­дауын­да жаңа уни­верситет жанында үш ғылыми, атап айт­қанда: пәнаралық ин­стру­­­менталдық орта­лық, энер­ге­тикалық зерт­теу орта­лығы және өмір туралы ғы­лым орталығын ашуға ерек­ше көңіл бөлді. Осы орта­лық­тар “болашақ эконо­ми­ка­ның” негізі бо­ла­тын ұлт­тық ин­но­ва­ция­лық жүйе­нің ажы­рамас бөлігі болуы тиіс. Пәнаралық инстру­мен­т­алдық орталық (ПИО) талдау жабдықтар паркін, зертхана фабри­калары мен зауыттарын, жобалық-сме­­т­а­лық бюроны, білікті қыз­меткер­лер құрамын, тех­но­паркті, технология­лық бизнес- инкубаторды қам­титын пәнаралық инстру­менталдық парк ре­тінде қалыптасады. Осын­­да биз­нес жоспар­лар­дың инно­ва­циялық кон­курс­тары және грантты қаржы­ландыру, т.б. өткізі­леді. ПИО жара­тылыстану (физика, хи­мия, матема­тика, биология) ғы­лым мектебінің департа­мент­­тері үшін ғылыми база болады. Сондай-ақ өнер­кәсіп және халықаралық серіктес­термен бірлескен зерт­­теулерді өткізуге қаты­сады. Энергетикалық зерт­теу­лер орталығын құру мақсаты түрлі елдерден ғалымдар мен инже­нер­лердің энер­гетикалық жә­не экологиялық қауіпсіз­дік­ті қамтамасыз етудің ауқымды мәселесін шешу көзделген. Қазіргі уақытта технологиялардың көбі экологияға оң әсері бар дей алмаймыз. Адамның денсаулығына зиянды екені де белгілі. Ендеше, ада­ми экологиялық ұста­ным­дарды ескере отырып, талап­тарға сай жаңа энергияны сақтайтын және зиянсыз тех­но­логияларды енгізу қажет. Өмір туралы ғылым орта­лы­ғының негізгі мақсаты ғылы­ми қызметкерлерді даярлау, іргелі және трансляциялық биомедицинаны дамытуды инвестициялау жолымен сапалы медицина­лық қызметтерді әзірлеп Қазақ елінің бәсекеге қабілетті биомедициналық саласын құру болып табылады. Орталық қызметінің басым бағыттары транспланто­логия, жасанды жүрек пен өкпе техноло­гиясын жетілдіру және енгізу, радиохирургия мен фетальды хирургияны дамыту, адамның өмір жасын ұзартудағы медицинаның рөлін арттыру болып табылады. Орталықтардағы ғылыми зерттеулермен отан­­дық және шетелдік зерттеушілермен қа­тар, университеттің студенттері де айналыса алады. – Қазір Елбасының ұйытқы болуымен “Болашақ” халықаралық бағдарламасы бойынша шетелдерде кадрлар дайындалып жатыр. Олардың алдыңғы толқыны ел дамуына өз үлестерін қосып жүр. Сіз басқарып отырған университет бірде-бір шетелде кадр дайындауды тоқтатып, өзімізде оны жүйелі жүзеге асыруды ойластырып жатыр ма? – Осы жобалардың әрқайсысы ел тари­хы­нан өз орнын алады деп ойлаймын. “Болашақ” бағдарламасы бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында білім алған жас мамандардың көбі қазіргі уақытта ел дамуына өз үлестерін қосып жүргені мәлім. “Болашақ” халықаралық бағдарламасы да, Астана жаңа университеті де Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. “Болашақ” халықаралық білім беру бағдарла­масы, жастарымыздың білім деңгейінің өсуіне бағытталған оның бірінші қадамы еді. Ал Елбасының елдің ордасында халықаралық деңгейдегі университетті ашу туралы идеясы – бұл қазақ жерінде жаңа білім ордасы арқылы отандық кәсіби қызметкерлерді даярлауға бағытталған құнды жұмысы болды. Осы екі үлкен бастаманың арасы – 17 жыл. Қазақ елі осы университетті ашу үшін 17 жыл әзірлік жасады. Тиісті ғылым-білім, техни­калық, зертханалық зерттеу базасын даярлады. Бұл кезеңде Қазақстан әлемдегі бәсекеге ба­рын­­ша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ұмты­лып әлеуеті күшті, тәуелсіз ел ретінде өзін көр­сетті. Ендігі жерде мықты кадр өзімізде әзірле­нетін болады. Жаңадан құрылған универ­ситет соның алтын діңгегі. Бұл университетте жас қазақ­стандықтарға елден шықпай-ақ, үздік шетелдік жоғары оқу орындарының деңгейіне сай сапалы білім алып, білікті қызметкер болуға мүмкіндік жасалды. Тек талапқа төтеп берсе болды. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Сүлеймен МӘМЕТ.