Бәсекеде ұтылсақ, көбіне оның себебін баптың келмегенінен емес, бақтың шаппағанынан іздеп жатамыз. Өзімізді «сәттілік серік болмады» деп жұбатқансимыз. Шын мәнінде, негізгі мәселе бақта емес, бапта екенін біле тұра, оны мойындағымыз келмейді.

«Құдайсыз қурай да сынбайды». Мұсылман баласы бұл наным-түсініктің дұрыстығына шәк келтірмейді. Сондықтан сәттіліктің серік болуы не болмауы бағымыздың шабуы не шаппауына қатысты екенін айтамыз. Десек те, мәселенің мәнісі өзіңнің жасаған амалыңа тікелей қатысты екенін естен шығармағанымыз жөн. Өйткені амал етпегенге бақ жуымайды әрі оның бабы да келмейді. Сондықтан Алладан тосын сый – бақ күту үшін тиісті амалыңның болуы шарт. Көп нәрсе амалыңның деңгейіне де байланысты.
Бірде, бозбала шағымда шаруаға мініп жүрген қызылкөк атымды ауыл-аймақ деңгейіндегі бір бәйгеге қосып көргенім бар. Бұлай етуіме сол кезде маған сенімді алғышарт болып көрінген жағдаяттар итермелеп еді. Ол қандай жағдайлар? Әлгі атым мен үшін өте жүйрік саналатын. Өйткені жайшылықта тізгінді бір жіберіп алғанда, әлдебір жаққа бірге шыққан серігіңді жарысқа шақырып, шаба жөнелгенде, атымның ұшқырлығына разы болатынмын. Үстінде әп-сәтте дауыл тұрып, екпіні көзіңнің суын ағызады. Кейде ұзақ шапқанда тізгінге ерік бермей, үдей түсетіні бар. Міне, осындай жағдайлар, дәлірегі «жусанмен жарысып озып жүрген» атымның өзімді ғана разы ететін шабысы маған «қой, мұның бағын байламайын, жұрт секілді бәйгеге қосып көрейін, бәлкім бұл бүгінгінің Құлагері шығар» деген ой тудырды. Содан әркімнен сұрап, білгенім бойынша атымның қамау терін алып, таң асырып, басқа да күтіміне көңіл бөліп, бәйгеге дайындадым...
Арада біршама уақыт өте мен күткен бәйге басталды. Ауылдың 30-40 қылқұйрығы қатысқан бәйгеден жүлде аламын деген үміт басым. Бәйгенің әр айналымы 4 шақырым. Сонда белгіленген шеңберді 5 рет айналып шығу керек. Менің үкілеп қосқан үмітім алғашқы айналымның соңына жақындай бергенде күтпеген жерден шабандоз балаға ерік бермей, жағалай тұрған көрерменнің тобына қарай жалт бұрылғаны бар емес пе. Аттың шалт қимылынан бала жануардың үстінен сырғып түсіп қалды. Әбден мал қайырып үйреніп қалған, бұрын-соңды топқа түсіп көрмеген жылқы баласын бәйгеге қоссаң, аламанда шауып бара жатып сәл шаршаса, қарайғанға жалт бұрылып, соның қасына барып тоқтайтын әдеті болады. Мұны қазақ «қаракеш ат», «қаракештік» дейді. Осылайша, қызылкөк қаракештік танытты. Оған қарайтын мен бе, атқа ересектеу бір баланы мінгізіп, жарыс жолына қайта салдым. Өйтпесем, айлап еткен еңбегім еш болмай ма? Хош, сонымен қызылкөк үшінші айналымнан кейін барлығып, бәйгеден шығып қалды. Жанымдағы жанашырларым бейнебір бұрын бағы жанып жүргендей «бүгін аттың бағы шаппады» деп жұбатқансып қояды. Сол кезде жусанмен «жарысып» озып жүрген атымды жүйрікке балағанымнан, жылқы тұқымының сынын білмейтінімнен, бабын келтіре алмағанымнан ісім жоқ менің «иә» деп қасымдағылардың айтқандарына келісіп қоятынымды қайтерсің. Қызылкөктің, бәлкім, тегі жүйрік шығар, кім білсін? Онда не кінә бар? Бар мәселе атбегісымақта ғой. Өткен шақтағы осы бір көріністер еске түскенде Абайдың:
«Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,
Жұрт жүр ғой күйкентай мен
қарға сақтап.
Қыран шықса қияға, жібереді
Олар да екі құсын екі жақтап.
Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан,
Күйкентайы үстінде шықылықтап.
Өзі алмайды, қыранға алдырмайды,
Күні бойы шабады бос салақтап...», деген өлеңі ойға орала кетеді.
Абайдың бұл айтқанын дұрыс пайымдай білсек, түрлі ой қорытуға болады. Әсіресе «ұлттың бәсекеге қабілеттілігі», «тұлғалық бәсеке», «партиялық немесе бағдарламалық бәсекелестік» ұғымдары жөніндегі ойларға жетелейді... Елге адал қызмет ету мүмкіндігін алу немесе кәсіп жүргізу, мансапқа ұмтылу жолындағы таза бәсекелестіктің адымын әкімшіліктік күштеу, көке-жәкенің ықпалы аштырмайтын қоғамда «Өзі алмайды, қыранға алдырмайды, Күні бойы шабады бос салақтаптың» нағыз өзі жиі көрініс береді. Бұл жағдай еліміздің көгінде бағыңмен де, бабыңмен де шаруасы жоқ, көздегеніне белден басып жететін «қарғалар» мен «күйкентайлардың» қаптап жүргенін көрсететіндей. Нағыз бәсекелестікте «қарғалар» мен «күйкентайлардың» шын мықтының, шын жараудың төбесінен шұқып шырқын алып, жолдан тайдыра берсе, іс оңға баспайтыны анық. Сондықтан жасықты жарнамалап, оны күштеп оздыруды доғаруымыз керек-ақ. Сонда ғана ұлтымыздың бабы мен бағы қатар шабады.
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Атырау облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 11:50
Ислам ойындарында Қазақстандық жүзуші алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:29
Коронавирустан емделіп жатқан 9 науқастың жағдайы өте ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:45
1737 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 10:10
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Бір тәулікте 1239 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар