Парламент • 15 Қаңтар, 2021

Дариға Назарбаева Мәжілістің Экономикалық реформалар жөніндегі комитеті құрамына кірді

1156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Депутат Дариға Назарбаева Мәжілістің Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің құрамына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дариға Назарбаева Мәжілістің Экономикалық реформалар жөніндегі комитеті құрамына кірді

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің жаңа төрағасы Альберт Рау өз комитетіне кірген депутаттардың тізімін жариялады.

«Берілген өтініштерге сәйкес Экономикалық реформалар және Өңірлік даму комитетінің құрамына Самат Ақышев, Ғалым Әміреев, Жамбыл Ахметбеков, Сырым Ертаев, Ғазиз Құлахметов, Самат Мұсабаев, Дариға Назарбаева, Ерлік Әмірғали, Азат Перуашев, Әмірхан Рахымжанов, Әлия Сапарова, Екатерина Смышляева, Әбілфас Хамедов, Альберт Рауды сайлауын сұраймын», деді ол.