Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021

Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді

84 рет көрсетілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирусқа шалдыққандардың арасында Теңіз кенішінің 58 жұмысшысы бар, деп хабарлайды Еgemen.kz

Бұларға қоса, Атырау қаласында 15 адам қауіпті індетке шалдықты. Сонымен бірге Жылыой ауданында – 4, Қызылқоғада – 3, Құрманғазыда – 3, Махамбет ауданында 2 адамнан коронавирус жұқтырғаны анықталып отыр.  

«Соңғы мәліметке сәйкес, қазір 231 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда 100, аудандардағы стационарларда 43, Теңіз кен орнындағы стационарда 806 адам ем қабылдауды жалғастырып отыр», деп мәлім етті басқарманың баспасөз өкілі.

Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирустан 125 адам сауығып шықты.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар