Павлодар қаласында көлігіне бес жыл бұрын есептен шығарылған нөмір тағып жүрген жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Павлодар қаласындағы Естай көшесін патрульдеу кезінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған көлікті байқаған. Жүргізуші өз көлігін «Тұруға тыйым салынады» деген белгінің жанына қойған. Құжаттарды ұсынуын сұрағанда жүргізуші барлық құжаттарын үйде ұмытып кеткенін айтты. Бұдан әрі, деректер базасы бойынша тексеру кезінде полицейлер автокөлікке тағылып тұрған мемлекеттік тіркеу нөмірінің бес жылдан астам уақыт бұрын есептен шығарылғанын анықтады. Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін орнату фактісі бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) орнату) бойынша әкімшілік іс қозғалды, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.
Сондай-ақ жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі (Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) бойынша үш АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері 1240 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыда нәрестесін тастаған «көкек ана» іздестіріліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Ұқсас жаңалықтар