Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021

Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласының тұрғыны жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері үлкен көлемдегі балықты тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны үшін Павлодар қаласының тұрғынын ұстады.

Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында сағ.01.10 кезінде облыстық «Өскемен-Самар» тасжолының 60 шақырымында «ГАЗ» автокөлігі тоқтатылды.

«Құжаттарды тексеру барысында Самар ауылынан Өскемен қаласына бағыт алған 30 жастағы жүргізуші салмағы 565 кг «рипус» балығын тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдағаны анықталды. Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесі бойынша құқық бұзушы жауапкершілікке тартылады», деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. Бұл «Өскемен-Алматы» тасжолында орын алған бірінші оқиға емес.

ШҚО Полиция департаменті, балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулағаны үшін ҚК-нің 355-бабы бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.