Руханият • 15 Қаңтар, 2021

Театр сыншылары үздіктерді анықтады

129 рет көрсетілді

«Халықаралық театр сыншылары бірлестігі» өткен жылы атқарылған жұмыстың нәтижесін анықтау мақсатында еліміздегі театрлар арасында жүргізілген арнайы сауалнама нәтижесімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде ұлттық, академиялық, мемлекеттік, облыстық, қалалық мәртебесін иеленген 40 өнер ордасы арасындағы сауалнама биыл екінші рет ұйымдастырылды.

Сала мамандары өткен жылы коронавирус пандемиясына байланысты театрлар толық жұмыс істей алмағанына қарамастан, қыруар жұмыс атқарылғанын атап өтті. Жарты жылдан астам жабық тұрған ұжымдардың онлай жұмысы да, сайт парақшалары да сыншылардың назарында болды. Қырық театр жыл көлемінде 144 жаңа спектаклдің тұсауын кесіп, халықаралық деңгейде 2 онлайн фестиваль өткізген. Сонымен қатар театртанушылар өз таңдауын жасап, «Сыншылар жүлдесімен» бірнеше номинация бойынша үздіктерді анықтады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша «Сыншылар жүлдесімен» келесі театрлар марапатталды:
1) «БАҚ пен үздік жұмыс істеген театр» номинациясы бойынша:
- Алматы қалалық Мемлекеттік қуыршақ театры;
- Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры;
- К.С.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік Халықтар достығы орденді орыс драма театры.
2) «Үздік сайт» номинациясы бойынша:
- Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры;
- «Астана Опера» театры;
- М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры;
- Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры;
- Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры;
- Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры;
3) «Онлайн форматтағы ең белсенді театр» номинациясы бойынша:
- Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры;
- Алматы қалалық Мемлекеттік қуыршақ театры;
- М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры;
- Республикалық неміс драма театры;
- Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры;
4) «Жылдың жаңа есімі» номинациясы бойынша режиссер Гаухар Адай;
5) «Үздік мерейтойлық қойылым» (Абайдың 175-жылдығына арналған) номинациясы бойынша М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының «Қара» (режиссері Ж.Жұманбай) спектаклі;
6) «Үздік сценография» номинациясы бойынша М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының «Абайдың жұмбағы» қойылымының суретшісі Мұрат Сапаров;
7) «Үздік актриса» номинациясы бойынша Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Шағала» қойылымындағы Аркадина ролін сомдаған Жанар Мақашева;
8) «Үздік актер» номинациясы бойынша Батыс Қазақстан облыстық Х.Бөкеева атындағы драма театрының «Мен» қойылымындағы Мен ролін сомдаған Ербол Есендосов;
9) «Үздік балаларға арналған қойылым» номинациясы бойынша Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының «Үйшік» cпектаклі (автор Е.Локшина, режиссері А.Зайцев);
10) «Үздік режиссер» номинациясы бойынша Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Құлагер» қойылымы үшін Фархад Молдағалиев;
11) «Үздік қойылым» номинациясы бойынша Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Шағала» спектаклі (автор А.П.Чехов, режиссер Е.Нұрсұлтан).

Соңғы жаңалықтар

«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты

Аймақтар • Бүгін, 13:25

Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық

Аймақтар • Бүгін, 10:15

Ұқсас жаңалықтар