Елорда • 15 Қаңтар, 2021

Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді

9 рет көрсетілді

Биылғы эпидемиялық жағдайға және елорданың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына байланысты крещение мерекесіне арналған ойықтарда дәстүрлі жаппай шомылу өткізілмейді, деп хабарлайды  Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

18 қаңтардан 19-ына қараған түні православ христиан дінін ұстанушылар үшін крещение мерекесі өтеді. Алайда биыл эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты Нұр-Сұлтанда арнайы ойық орнатылмайды.

«Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында биыл крещение мерекесіне арналған ойықтарда дәстүрлі жаппай шомылуға тыйым салынған. Құлшылық ету кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуы тиіс, яғни ғибадатхана ішінің 30%-ы ғана толуы тиіс және бұқаралық іс-шараларды өткізуге міндетті түрде тыйым салыну қажет», — деді Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұхановтың айтуынша мереке күндері шомылуға және жұртшылықтың жиналуына жол бермеу мақсатында мониторингтік топтардың күшейтілген кезекшілігі ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта елорда коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа өтіп кетудің алдында тұр.

Соңғы жаңалықтар

«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты

Аймақтар • Бүгін, 13:25

Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық

Аймақтар • Бүгін, 10:15

Ұқсас жаңалықтар