Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев министрліктің карантиндік және шектеу шараларын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау органдарына көмек көрсетуді жалғастырып жатқаны туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас санитарлық дәрігерлердің қаулысына сәйкес еліміз бойынша 15 санитарлық (Алматы облысы – 9, Қостанай облысы – 4 және Ақтөбе облысы – 2) және 4 блок-бекет (Атырау облысы – 4) қойылған. Карантиндік іс-шараларға 10 мыңнан астам полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған. 290 карантиндік объекті бақылауға алынған.
Сондай-ақ көлік объектілерінде санитарлық дәрігерлерге жолаушыларды фильтрациядан өткізуге жәрдемдесу қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта еліміздің халықаралық әуежайларында 18 бақылау-қадағалау пункті, теміржол вокзалдарында 16 бақылау-қадағалау пункті орнатылды. Бұл объектілердегі күн сайынғы жолаушылар ағыны тиісінше 31 мың және 17 мың адамды құрайды: Нұр-Сұлтан қаласында тәулік сайын 10 мыңға дейін жолаушы, Алматыда тәулік сайын 20,5 мыңға дейін адам тіркеледі.
«Көлік объектілерінен 1 қаңтардан бері ПТР-анықтамасы жоқ 3200 азамат карантинге орналастырылды. Соңғы күндері тәулік сайын 150 адамға дейін карантинге орналастырылуда», – деді ІІМ басшысы.
Карантиндік шектеулердің сақталуын бақылау бойынша 1 мыңнан астам мобильді топтың қатысу жұмысы жалғасуда. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізілді. Карантинді бұзудың 773 фактісі анықталды, оның 77%-ы елеусіз, яғни маска, санитайзерлердің болмауы, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауды бұзу. 175 өрескел бұзушылық анықталды, оның 152-сі түнгі клубтарда, сауда орталықтары мен мейрамханаларда, 23-і мерекелік іс-шаралара анықталды. Жыл басынан бері Түркістан облысында мобильді топтар бұзушылықтарды белсенді түрде анықтады, бұл ел бойынша анықталған бұзушылықтардың 458-ін немесе 60%-ға жуығын құрайды. Сонымен қатар министр Е. Тұрғымбаев қазіргі уақытта «қызыл» аймаққа кірген облыстардағы топтардың жұмысының нашарлығын айтты.
«Аталған топтардың жұмыс белсенділігінің төмендеуіне байланысты, азаматтар адамдар көп жиналатын жерлерде маска режимін жиі бұза бастады. Сонымен қатар тұрғындар арасында вирустың қауіпсіздігі және вакциналардың тиімсіздігі туралы жалған ақпараттың таралу фактілері бар», – деді Ішкі істер министрі.
Осыған байланысты Ерлан Тұрғымбаев өңірлердің әкімдіктерімен және бас санитарлық дәрігерлерімен бірлескен жұмыс аясында мобильді топтардың сауда орталықтарында, мәдени мекемелерде алдын алу жұмыстарына баса назар аударуын, сондай-ақ осы мекемелердің иелерімен шектеу шараларын бұзуға жол бермеу туралы қатаң түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруды ұсынды. Жалпы құқық қорғау ведомствосының басшысының айтуынша, ішкі істер органдары елімізде шектеу шараларын қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті сақтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.
Өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырғаны белгілі болды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Жеңіске жеткізген «Жұмыр қылыш»
Руханият • Бүгін, 08:18
Руханият • Бүгін, 08:17
Халықаралық турнирлерге қатысады
Спорт • Бүгін, 08:16
Спорт • Бүгін, 08:15
Спорт • Бүгін, 08:14
Карантин құрсауы сөгіле бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Балықшылар ескерткіші сынға ілікті
Қоғам • Бүгін, 08:08
Экология • Бүгін, 08:08
Қызылордада бау-бақша орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 08:06
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Әдебиет • Бүгін, 08:03
Қоғам • Бүгін, 08:00
Театр • Бүгін, 07:56
Руханият • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:53
Офтальмологиялық орталық қызметі кеңейді
Қоғам • Бүгін, 07:51
«Көбелек балалар». Сирек кездесетін кесел түрі көп
Қоғам • Бүгін, 07:50
Зауыт жұмысшылары далада қалмайды
Қоғам • Бүгін, 07:48
Аударымның сомасы – 218,6 млн теңге
Қоғам • Бүгін, 07:47
Аймақтар • Бүгін, 07:44
Руханият • Бүгін, 07:43
Волонтерлік – азаматтық қоғамның баспалдағы
Қоғам • Бүгін, 07:41
Әлем • Бүгін, 07:39
Цифрлы өзгерістің жеңімпаздары мен жеңілгендері
Технология • Бүгін, 07:38
Бес жылда агросекторға 4 трлн теңге тартылады
Экономика • Бүгін, 07:36
Бауырластық байланыстар беки береді
Президент • Бүгін, 07:32
Аймақтар • Бүгін, 07:12
Көкшетауда кейбір шектеулер күшін жойды
Аймақтар • Бүгін, 07:11
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар