Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

Түзеу мекемесіне жолданған шұжықтан 24 SIM-карта табылды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында қатаң режимдегі колонияға жеткізілген шұжықтан 24 SIM-карта табылды, – деп хабарлайды Egemen.Kz Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Түзеу мекемесіне жолданған шұжықтан 24 SIM-карта табылды

Сотталған азаматтардың бірінің ағасы түзеу мекемесінде пайдалануға тыйым салынған заттарды шұжыққа тығып, мекеме аумағына өткізбек болды.

Алайда, Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/12 мекемесі қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірлесіп, сотталғандарға бандероль беру және тексеру бөлмесінде шұжық өнімдерінің ішінен Теле-2 байланыс операторының 24 дана SIM-картасы табылды және тәркіленді.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша жинақталған құжаттар Қапшағай қаласының Полиция басқармасына тапсырылды.

– Ескертулерге қарамастан, сотталған азаматтардың туыстары мен өзге де адамдар белгіленген талаптарды бұзуды жалғастыруда және түзеу мекемесінде ұсталатын сотталғандарға тыйым салынған заттарды өткізуге талпыну бойынша әрекеттерін қайталауда, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.