Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

Атырауда сотталған азамат еріктілер қатарына қосылды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азамат еріктілер қатарына қосылып, халықтың алғысына бөленіп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасапп.

Атырауда сотталған азамат еріктілер қатарына қосылды

Алаяқтық қылмысы үшін екі жыл алты ай мерзімге сотталған азамат Атырауда коронавирус инфекциясы өршіп тұрған кезде облыстық ауруханада еріктілер қатарында жағдайы ауыр науқастарға көмектескен. Ол қазір де еріктіліктен қол үзбей, жағдайы төмен отбасыларға көмектеседі. 

«Жаз айларында облыстық ауруханада оттегі баллондарын тасып, науқастарға қарайластық. Коронавирустан қорықпай, үлкен кісілерге жәрдемдесу – азаматтық борышым деп білемін», дейді 36 жастағы сотталған азамат.

Ол жаңа жыл қарсаңында өзге де еріктілермен бірігіп, науқас балалар мен жағдайы төмен отбасыларға сыйлық таратқан.