Telegram қолданушылары арақпен тыныс алу жолы көрсетілген видео нұсқаулықты таратуда. Ролик кейіпкерінің айтуынша, ол осылайша жөтелден құтылған. COVID-19 жұқтырғанда да осы әдісті қолдану ұсынылады. Емдеудің бұл жолы денсаулық үшін пайдалы ма, зиян ба? Бұл сұрақтың жауабын пульмонолог Елена Мирзо айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін осы жолмен коронавирусты емдеуді орыс тектес италиялық дәрігер де ұсынған болатын. Ол COVID-19 жұқтырған соң арақ буымен ингаляция жасау арқылы тез емделіп шыққанын айтқан. Бұл ұсыныстарды әртүрлі елдердің дәрігерлері, соның ішінде жоғары санаттағы танымал педиатр Евгений Комаровский де жоққа шығарды.
2020 жылғы көктемде жарияланған видео Youtube-тан өшірілді. Бірақ бұл идеяны ұстанушылар жаңа видеолар түсіріп, әлеуметтік желілерде таратуда.
12 жылдық тәжірибесі бар пульмонолог Елена Мирзоның пікірінше, «арақпен ингаляция» жасау ем болмайды және зиян келтіруі мүмкін.
«Арақпен тыныс алуға болмайды. Спирт буының бронхтың шырышты қабығына тигізер әсері туралы клиникалық зерттеулер көп. Алкогольдің әсері бронх демікпесін асқындырып жібереді. Спирт буы тыныс алу жолдарының реактивтілігінің қоздырғышы болып табылады, бронхоспазм дамуы мүмкін. Ешкім де бұлай емделе алмайды – сау адамдар да, науқастар да, тыныс алу жүйесінің патологиясы бар адамдар да», – дейді Елена Мирзо.
Видео астынан жазылған пікірлерде осы әдісті қолданушылардың бірі: «спирт немесе арақ буы өкпедегі көбікті басады. Тексергісі келгендер химиялық пневмонитті қалай емдейді деген ақпаратты іздеңіздер» деп жазған.
Дәрігердің айтуынша, өкпе ісінуі кезінде көбік пайда болғанда спирт қолданылатыны рас, бірақ бұл реанимация жағдайында арнайы жабдықтың көмегімен жасалады.
– Өкпе ісінуі – көктамырлық гипертензия және альвеолярлы өкпе ісінуі дамитын жіті солқарыншалық жеткіліксіздігі. Мұндай пациенттерде – қатты ентігу, ысылдау, көбіктенетін қақырық сияқты белгілер болады – бұл ауыр жағдай және шұғыл көмек көрсетуді қажет етеді. Оксигенотерапия және ӨЖЖ кезінде көбіктенуді азайту үшін тұрақты түрде оттегі бере отырып, ингаляциялық түрде этил спирті (30%) қолданылады. Мұның барлығы реанимация бөлімшесінде гемодинамиканы бақылай отырып, медицина қызметкерлерінің тәулік бойғы бақылауымен жүзеге асырылады. Үй жағдайында олай істеуге болмайды, – дейді Қарағанды медицина университеті клиникасының дәрігері Елена Мирзо.
Дәрігерлердің атап өтуінше, үйде арақпен ингаляция жасау коронавирустың алдын алуда да көмектеспейді. Бұл ретте қарапайым гигиена сақтау ережелері қолды жиі жуу, маска тағу және ара қашықтықты сақтау керек.
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • Кеше
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • Кеше
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • Кеше
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • Кеше
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • Кеше
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • Кеше
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • Кеше
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • Кеше
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • Кеше
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • Кеше
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Кеше
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Кеше
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Кеше
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
ForteBank пен Қазпошта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Кеше
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Кеше
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Кеше
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Кеше
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Кеше
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Кеше
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Кеше
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Кеше
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Кеше
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Кеше
Әлем • Кеше
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар