Қоғам • 20 Қаңтар, 2021

Денсаулық сақтау министрлігі жанынан «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру, азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік және медициналық қызметтерді жүйелеу, мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жанынан «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі жанынан «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды

Жобалық кеңсенің басшысы болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибесі мол, оның ішінде шетелдік «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің орынбасары Руслан Еслямбекұлы Асылбеков тағайындалды.

Жобалық кеңсенің жұмысы жұртшылықпен, сондай-ақ, бизнес-құрылымдармен тығыз байланыста төрт бағытта құрылады:

- Бақылау-қадағалау және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру;
- Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және медициналық ұйымдарда қолайлы жағдай жасау;
- Халықты және медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік сатып алулар.

Соңғы жаңалықтар