Қоғам • 20 Қаңтар, 2021

Елордада көпірден секірмек болған жігіт аман қалды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада көпірден секірмек болған жігіт аман қалды

Департамент мәліметінше, кеше кешкі сағат 19:15 кезінде Нұр-Сұлтан қаласының Жедел басқару орталығына көлікке жанармай құю стансасының қасындағы көпірден ер адамның секіруге әрекеттеніп тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұдан соң патрульдік полицияның екі экипажы оқиға орнына үш минутта келіп жеткен.

«Жас жігіт көпір таянышын ұстап, темір жолға секіруге дайындалып тұрды. Жағдайды бағалаған полицейлер жігітпен алыстан сөйлесіп, көңілін басқаға аудармақ болды. Осы уақытта патрульдік полиция қызметкері Жандос Тұрашев оңтайлы сәтті пайдаланып, жігітке жақынырақ келіп, оны қатты қапсырып ұстап алды. Жас жігіт қарсылық танытып, бастаған ісін аяқтамақ болған. Полицейлердің жедел әрі ретке келтірілген іс-әрекетінің арқасында ер адамның өмірі аман қалды», делінген хабарламада.

26 жастағы тұрғын қалалық ауруханаға жеткізілген, онда оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.