Бұл туралы адвокат Еркін Қахаров өзінің Facebook парақшасында жазды.
Соттың алдын ала мәліметі бойынша Абай аудандық сотына зейнеткердің балаларынан алимент өндіріп алу туралы арыз түскен.
Судья сот процесінің барлық қатысушысын медиация бөлмесіне шақырып, тараптарды татуластырды. Қарт ананың балалары қателіктерін мойындап, кешірім сұраған.
Кейін сот өкілі әженің алимент алатынын мәлімдеді.
Айта кетсек, қазіргі уақытта аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ