21 Сәуір, 2010

ТАРТЫМДЫ ӨТКЕН САБАҚ ТАҒЫЛЫМДЫ

669 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуде ерекше ыждаһаттылық пен ықылас қажет. Осы ретте біз “Ыбы­рай – балалар әдебиетінің ата­сы” деген тақырыпта ашық са­бақ өткізе отырып, қазақтың тұң­ғыш ағарту­шысы, жарық жұлдызы атанған ғалым-ұстаз Ыбырай Ал­тын­сариннің өмірі мен еңбектерін оқыту арқылы еңбекке, шығарма­шы­лыққа, ойлам­паз­­дыққа үйретуді қолға алып келеміз. Ашық сабақтың мақсаты да осында жатыр. Қазақ халқының ағартушы ұстазы арқылы халқы­мыз­дың ұлттық қасиеті мен адам­гер­­шілігін ашып көрсету. Және де ұрпақты ізгілікке, мейірімділікке, біртуар адамдарын құрметтеуге, үлгі алып үйрене білуге баулуды басшы­лыққа алдық. Ы.Алтынсариннің суреттері мен слайд көрсетілімі және де ұстаздың ізбасарларының сурет­тері: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және Спандияр Көбеев ар­қылы жан жақты түсін­діруге тырыс­тық. Безендірілген көр­некіліктер арқылы және әңгі­ме­лесу әдісімен, білетінін айтқызу үшін сұрақ-жауап түрінде баланы үнемі ынталандырып отыру қажет. Сонда ғана оқушы мүмкіндігінше сабаққа атсалысуға ты­ры­сады. Ұлағатты ұстаздың “Ха­лық мектеп­тері үшін ең керектісі – мұғалім” деуі болашақ ұрпақты тәр­биелеуде мұғалімнің алар орны ерек­ше екен­дігін көрсетеді. Шынын­да да, ұстаз қоғам айнасы іспеттес. Қоғам­ның қандай болып қалып­та­суын­­да ұстаздардың алар орны ерек­ше. Осы ретте Ыбырай Алтын­­сарин­нің тағы бір сөзіне жүгінелік: “Тама­ша жақсы педагогика құрал­дары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инс­пек­тор бақы­лауы да мұғалімге тең келе алмайды”, дейді. Осы арқылы біз ағартушы ұс­таз­дың мұғалімдерге деген ілтипатын көреміз, оның мәні­сін жоғарыда ашып көрсетуге тырыс­тық та. Ендігі мәселе ұлы ұстаздың тәлімді қасиет­терін, оның балаларға арнаған шы­ғар­маларын оқушыларға барынша ашып көр­сету болса, оған жаңадан мұғалім­дік оқуын бітіріп кел­гендерді де жұмылдыруға тура кел­ді. Ондағы ой көрсін, білсін және үйренсін. Ашық сабақтың өткізілу мәнері балаларға ой салып, олардың бо­йында үлкен әсер қалдыра­тындай болуын басты назарда ұстандық. Ол үшін топты үшке бөліп, олардың арасында білім сайысы ұйымдас­тырылды. Соның нәтижесінде, ба­ла­лар Ыбырай аталарының өз зама­нында нендей заттарды қолдан­ғаны, мектебінің сұлбасы қандай бол­ғанын көз алдарына елестетіп, қағаз бетіне түсірді. Екінші топ оның әңгіме, ертегілерін құлшына әңгіме­лесе, соңғы топтағылар өлең­дерін жатқа айтып жатты. Мұның барлы­ғы да балалардың бойындағы білім­ге деген ықыласты құлшыны­сын оятып, құштарлықтарын ұштай түседі. Оқушылар Ыбырай ашқан мектептерде ғалым-ағартушылар А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтар­дың, ақын-жазушылар С.Мәуле­нов, Ғ.Қайырбеков, Қ.Жармаған­бетов, Қ.Сәрсекеев, С.Кенжеах­метов, С.Оспанов, С.Тұрғынбеков сияқ­ты елге белгілі тұлғалар оқы­ған­дығын біліп, кеңінен мағлұмат­тар алды. Қорыта айтқанда, Ы.Алтын­сарин­нің ісі балаларға ғана емес, бүкіл қоғамға үлгі болуы шарт. Өкі­нішке орай, қазіргі кезде осындай ұлағатты ұстаздардың жетіспеуші­лігі байқалып отыр. Бұл ұрпақтар сабақ­тастығының кезінде үзіліп қалған­дығынан болса, ендігі мәселе соны қалпына келтіріп, ұстаздық қызметті мерейлі ету міндеті тұр. Бұл бағытта біздің басты үміт ар­тары­мыз осы оқушылар, біз солар­дың бойына дұрыс тәрбие сіңіре білуіміз керек. Болашақ бүгіннен басталады деп тегін айтылмаса керек. Гүлбану СӘБДЕНОВА, №27 мектеп-лицейінің мұғалімі. АСТАНА.