Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, қаңтарда (2020 жылғы желтоқсанға қарағанда) бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге – 7,8%, жұмыртқаға – 6,9%, картопқа – 5,1%, күнбағыс майына – 3,6%, қатты ірімшікке – 1,3%, қантқа, жаңа жиналған жемістерге – 1,1%, ұнға – 1%, пастерленген сүтке – 0,7%, жармаларға – 0,6%, шайға, тоқаш және ұн өнімдеріне, айранға – 0,5%, сары майға 0,4% белгіленді. Темекі өнімдері 2,5% қымбаттады.
Бұдан бөлек, автомобильдер – 1,1%, құрылыс материалдары – 0,7%, тоқыма бұйымдары – 0,5%, киім және аяқ киім – 0,3%, жуғыш және тазалағыш құралдар, жеке қолданылатын тауарлар 0,2% қымбаттаған. Ағаштың бағасы – 0,5%, тас көмірге 0,4% өсті. Келесі қызмет түрлерінің құны да жоғарылады: сәлемдеме жіберу – 11,8%, нотариус қызметтері, автосақтандыру – 5%, денсаулық сақтау қызметтері – 0,6%, монша- 0,3%.
Қаңтар айында баға арзандады: тауық етіне және күрішке 0,3%, авиабилеттерге - 1,1%, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында қоқыс шығаруға – 1,2%, электр энергиясына – 0,3%.