Аймақтар • 02 Ақпан, 2021

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

328 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды «Қазгидромет».

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қатты жауын-шашынға және қар жамылғысының тау беткейіндегі тұрақсыз күйіне байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 2 – 3 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

3 ақпанда Қарағанды облысының жел оңтүстік-батыстан, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

3 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде жауын-шашын  (жаңбыр, қар) күтіледі. 3-4 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.  3 ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.   4 ақпанда желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 3 ақпанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 3-4 ақпанда тұман күтіледі.  3 ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 күтіледі.

3-5 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде бұрқасың, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Көкшетау қаласында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

3 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20, екпіні 23, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қаласында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Тараз қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбеде күндіз көктайғақ күтіледі.