Қазақстан • 02 Ақпан, 2021

5 ақпанда «Digital Almaty» цифрлық форумы өтеді

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 ақпанда Алматы қаласында жыл сайынғы «Digital Almaty» цифрлық форумы өтеді, ол цифрлық технологияларды, жасанды интеллектті, үлкен деректерді және т. б. дамыту саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылаудың дәстүрлі алаңына айналды.

5 ақпанда «Digital Almaty» цифрлық форумы өтеді

Биылғы форумның тақырыбы - «Жаңа шындықтарды ұғыну: covid-19 пандемиясы жағдайындағы цифрлық трансформацияның сын-қатерлері», ол өңірлік ауқымдағы пандемия жағдайында цифрлық технологияларды дамытудың ең өзекті мәселелеріне арналады.

Форум аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Индустрия 4.0» пленарлық сессиясының ұйымдастырушысы болып табылады.

Сессияда талқыланатын негізгі тақырыптар:

4.0 индустриясына көшу бойынша Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының перспективалары,

Машина жасау құзыреттілігі орталығы цифрлық трансформация драйвері ретінде,

Жасанды интеллект өндірісті цифрландырудағы жаңа тренд ретінде және т. б.

Кроме того, в сессии также примут участие представители АО «АК Алтыналмас», Fraunhofer IPA, АО «Химфарм», ТОО «Казахмыс», «BTS Education» АКФ «ПИТ», ПРООН в Казахстане  и др.

Сонымен қатар, сессияға «Алтыналмас АК» АҚ, Fraunhofer IPA, «Химфарм» АҚ, «Қазақмыс» ЖШС, «BTS Education» «ИТП» ДКҚ, Қазақстандағы БҰҰДБ және т. б. өкілдері қатысады.